Кәсіподақтар күніне орай теміржолшылар арасында боулингтен жарыс өтті

Спорт
14.10.2025, 09:25
Суреттерді түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

10 қазан – Кәсіподақтар күні мен Теміржолшылар кәсіподағы қозғалысына 120 жыл толуына орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы (ЦФО) кәсіподағының ұйымдастыруымен екі жүзге жуық кәсіподақ мүшелері арасында боулингтен жарыс өтті.

Астанадағы ең үлкен боулинг орталықтарының біріне Орталық аппарат қызметкерлері жұмыстан кейін жалға алған арнайы жанға жайлы автобустармен жеткізілді. Боулинг орталығында кіргеннен-ақ көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын атмосфера сезілді. Жарысқа қатысушылар жеребе арқылы 30 командаға бөлінді.  

Айта кету керек, ЦФО-ның орталық аппараты мен аймақтардағы филиалдарын қосқанда мыңнан астам кәсподақ мүшесі бар.  

Жарыс басталар алдында ойынға қатысушыларды «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасарлары Ғафу Несіпбаев пен Амангелді Төреғожин, еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық инспектор Қайрат Мұқанов және ЦФО кәсіподағының төрайымы Күләш Даньярова құттықтап, командаларға қызықты ойын мен сәттілік тіледі.  

– Биыл теміржолшылар кәсіподағы қозғалысына 120 жыл толып отыр. Қазақстанда ең алғаш кәсіподақ қозғалысы теміржолшылардан бастау алды. Егер тарихи деректерге сүйенер болсақ, 1905 жылы мамыр айында қазіргі Қазақстан аумағындағы БТО-ның бірінші ұйымы Перовск станциясының, қазіргі Қызылорда паровоз депосының жөндеу шеберханасында ұйымдастырылған. Міне, содан бері ғасырдан астам уақыт кәсіподақ еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды негізгі міндетіне алып, осы міндетін абыроймен атқарып келеді. Баршаңызды бүгінгі Кәсіподақтар күнімен құттықтай отырып, еңбектеріңе жеміс, дендеріңе саулық, отбасыларыңа амандық тілеймін. Және де бүгін 180 адамның басын қосып, әдемі кеш сыйлап, үлкен жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырып отырған ЦФО кәсіподағының төрайымы Күләш Қабдырашитқызына үлкен алғыс білдіремін, – деген Ғафу Оразұлы кәсіподақ белсенділері мен ерен еңбегімен көзге түскен азаматтарды марапаттады.  

Жеребе бойынша алғашқы командалар ойынға кіріскен сәтте қалғандары дастархан басында бас қосып, караокемен ән салды. Алаңда би билеп, көңіл көтеруге де мүмкіндік берілді. Осылайша, 30 команданың мүшелері намысты қолдан бермей, өз командасына барынша жақсы ұпай жинауға тырысты. Тартысты әрі қызықты өткен жарыста, ең көп ұпай жинаған үш команда жеңімпаз деп танылды. Атап өтсек, 3-орында «Пингвин» атауымен 13-ші команда еншілесе, 2-орын мінберінен «Супербол» атауымен 25-ші команда табылды. Ал 30 команда ішінен оза шауып бәйге алып, 1-орынды қанжығасына байлаған 12-ші «Арлан» командасы чемпион деп танылды. Әйелдер мен ерлер арасында дараланып, ең көп ұпай жинаған жеңімпаздар да анықталды. Мәселен, әйелдар арасында Әлия Шманова мен Венера Есенберлинова 3 және 2-орындарды өзара бөліссе, 1-орынды Алтын Мұнайдарова еншіледі. Ал ерлер арасынан ең көп ұпайды Азамат Мангитаев жинап, 1-орынды қанжығаласа, 2-орын Еркебұлан Меңжасаровқа бұйырып, 3-орынды Руслан Мұқтаев місе тұтты. Жарыс жеңімпаздарына бағалы тұрмыстық техникалар берілді.  

Кеш барысында лототрон ойнатылып, қатысушылардың барлығы мерекеден құр қайтпай, әртүрлі сыйлықтарға ие болып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты