Теміржолшы Геннадий Гордиенко «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы Астана учаскесінің жабдықтаушысы «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында 50+ жас санатында жүзуден күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл жарыста «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрамасына ерекше назар аударылып жатқанын еске сала кетейік. Спартакиадада болат магистраль намысын 88 үздік теміржолшы-спортшы қорғауда. Компания еліміздің түрлі өңірлерінен мықты спортшылардың басын қосқан біртұтас әрі ұйымшыл команда жасақтады.