Теміржолшының кезекті сәтті жүзуі ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль сыйлады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«KTZ Express» АҚ-ның «KTZE Оңтүстік» филиалына қарасты Достықтағы KTZE агенттігінің диспетчері Константин Лимаренко (30–34 жас санаты) барлық қарсыластарын айқын басымдықпен артта қалдырып, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның XI Спартакиадасында жүзу жарысы бойынша бірінші орынды иеленді.