Теміржолшы қыз-келіншектер де жүзуден жоғары шеберлік көрсетті. Әйелдер арасындағы жарыста Татьяна Алимина ҚТЖ қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Татьяна – «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалы Аналитика және әзірлеу департаментінің бас менеджері. Ол 50+ жас санатында сенімді өнер көрсетіп, екінші орын иеленді.