Ирина Радзевич «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасындағы жүзу жарысында екінші орын алып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамасының қоржынына тағы бір күміс медаль салды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржолшылар командасының қыз-келіншектері жылдың басты спорттық біріншілігінің су жолдарын бағындыруды жалғастыруда. 40–44 жас санатындағы тартысты бәсекеде ҚТЖ өкілі темірдей мінез, мінсіз техника және жеңіске деген жігерін танытып, компанияға лайықты күміс жүлде сыйлады.

Радзевич Ирина Сергеевна — «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Қарағанды» ТЧЭ-14 өндірістік-техникалық бөлімінің 1-санатты инженері.