Диспетчер Әнел Жеңісқызы  «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасындағы жүзу жарысында күміс медаль жеңіп алып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрамасының қоржынына тағы бір маңызды жүлде қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржол саласының арулары еліміздің басты спорттық біріншілігінің су жолдарында жоғары шеберлік деңгейін көрсетуді жалғастыруда. 25–29 жас санатындағы тартысты әрі күрделі бәсекеде Әнел темірдей мінез, тамаша техника және жеңіске деген жігерін танытып, көшбасшыдан небәрі аздаған секундқа ғана қалып, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Әнел Жеңісқызы — «KTZ Express» АҚ филиалы – «KTZE Батыс» Ақтөбе қаласындағы KTZE агенттігінің диспетчері.