Теміржолшылар «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында орасан күшін, болаттай мінезін және темірдей табандылығын паш етті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ең тартымды әрі күш сыналатын жарыс түрі – арқан тартуда ҚТЖ командасы жүлдегерлер үштігіне еніп, сенімді түрде күміс жүлдені жеңіп алды.

Бұл жарқын жеңіс тағы бір мәрте дәлелдеді: теміржолшылар біртұтас әрі үйлесімді тетік ретінде әрекет еткенде, оларды орнынан қозғау мүмкін емес!

Еңбек пен спортта компания абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырына көтерілген өз батырларын бүкіл бірнеше мыңдық теміржол ұжымы мақтан тұтады.