«Самұрық-Қазына» АҚ-ның XI Спартакиадасы аясында өткен жеңіл атлетика жарысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының құрамасы эстафетада жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынды қанжығасына байлады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Тартысты өткен тарихи бәсекеде теміржолшы-спортшылар шеберлік пен жоғары дайындықтарын паш етті. Қашықтықтың әрбір метрінде бар күш-жігерін салған жүйріктер эстафета таяқшасын мүлтіксіз тапсырып, өзара ауызбіршілік пен командалық рухтың озық үлгісін көрсетті.
Бұл күміс жүлде компания қызметкерлерінің спорттағы тағы бір айтулы жетістігі мен жеңіске деген ұмтылысының айқын дәлелі.