Астанада өткен XI Республикалық «Самұрық-Қазына» спартакиадасында теміржолшылар арасынан тағы бір спортшы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Үстел теннисінен өткен жарыста Көкшетау станциясының құжат айналымы бөлімінің маманы, «Теміржолсу-Көкшетау» ЖШС қызметкері Ленара Саматқызы Смайылова күміс медаль жеңіп алды.

Ленара Смайылованың бұл жетістігі теміржол саласы қызметкерлерінің спорттағы белсенділігі мен жоғары деңгейін тағы бір мәрте көрсетті.

XI Республикалық спартакиада аясындағы жүлде «Самұрық-Қазына» тобы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған шаралардың нәтижесін де аңғартады.