ҚТЖ құрамасы XI «Самұрық-Қазына» спартакиадасында жан-жақтылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, түрлі спорт түрлерінен жүлде қорын толықтыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Қазақтың дәстүрлі ұлттық спорты асық атудан өткен турнирде Қайраш Аханов тамаша нәтиже көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Қайраш Аханов «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалына қарасты Екібастұз ВЧДЭ-нің вагон қараушысы болып еңбек етеді.