«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының XI республикалық спартакиадасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ командасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Армрестлинг бойынша өткен жарыста ҚТЖ Корпоративтік қорының менеджері Сымбат Нәсіп барлық қарсыласынан басым түсіп, чемпион атанды.

Қол күресінен өткен тартысты бәсекеде Сымбат Нәсіп күш-қуатымен қатар, жоғары техникалық шеберлігін де көрсетті. Ол жарыс бойы сенімді өнер көрсетіп, қарсыластарына мүмкіндік бермеді.

Осылайша, Сымбат Нәсіптің жеңісі ҚТЖ құрамасының спартакиададағы жүлде қорын толықтыра түсті. Оның чемпиондық нәтижесі теміржолшылар командасының спорттағы жоғары дайындығы мен жеңіске деген жігерін тағы бір мәрте көрсетті.