«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының XI спартакиадасында ҚТЖ-ның әйелдер арасындағы волейболдан құрама командасы екінші орынға ие болып, күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Финалдық кездесуде теміржолшы қыздар әр доп үшін аяғына дейін күресіп, жеңіске деген жігері мен жоғары шеберлігін көрсетті. Тартысты бәсеке жанкүйерлерге тартымды ойын мен әсерлі спорттық сәттер сыйлады.
Осылайша, ҚТЖ әйелдер құрамасы спартакиададағы волейбол турнирін күміс жүлдемен аяқтады.