«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының XI республикалық спартакиадасында ҚТЖ-ның баскетболдан ерлер құрамасы екінші орынға ие болып, күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Теміржолшылар жарыс барысында жеңіске деген жігері мен қайсар мінезін көрсетті. Финалдық бәсекеде қарсыласына жол бергенімен, ҚТЖ құрамасы жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Осылайша, теміржолшылар баскетбол турнирін күміс жүлдемен аяқтап, ҚТЖ құрамасының спартакиададағы жүлде қорына тағы бір медаль қосты.