«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының XI республикалық спартакиадасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ командасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Армрестлингтен өткен жарыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының «РЦУП-3 Солтүстік» аймақтық көлікті басқару орталығының пойыз диспетчері Алла Штрошерер үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының жүлде қорына тағы бір медаль қосты.