Белкөл станциясының басты байлығы

Станция тынысы
26.08.2024, 15:23
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жүк түсіру-тиеу, құжат рәсімдеу, тіркеу, вагон жеткізіп беру, құрамдарды бір- бірінен ажыратып, құрастыру секілді таусылмайтын жұмыстар кез келген станцияда қызу жүріп жатады. Біздің жолымыз түскен Белкөл станциясында да үйреншікті көрініске куә болдық.

Белкөл станциясы бастығының логистика жөніндегі орынбасары Ғабит Тлеубаевтың мәліметінгше, биылғы жеті айда пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайы орын алмаған. Жүк және коммерциялық жұмыстар бойынша жарамсыздық жағдайы тіркелмеген. Өндірістік жұмыстар кезінде вагонның кешіктірілуі, транзитті вагондардағы қауіпті жүктердің зақымданып, вагоннан ағытылу жағдайы да болмаған.  

– Жеті айда тиісті деңгейге жеткізілмей қалған көрсеткіштер алдағы уақытта толықтырылатын болады деп ойлаймыз. Өйткені жүк тасымалына байланысты жоспарлы көрсеткіштің кемшін түсіп жатқаны болса, ол біздің қызметімізге немесе теміржолшылардың жұмысына байланысты емес. Бізде өз кәсібін игерген нағыз мамандар еңбек ететді. Кенжебек Малғайдаров пен Болат Махашов, парк кезекшілері Әлібек Тәжібаев пен Жасұлан Аптықалықов, тауар кассирі Гүлайым Сүлейменова, жүк қабылдап-тапсырушы Мөлдір Оралова, тасымал құжаттарын өңдеу операторы Айбек Айшықов, станция кезекшілері Гүлмира Жүнісова мен Бақытжан Назаровтар өндірістік жұмыстардың сапалы орындалуына басымдық беретін біздің ең таңдаулы, тәжірибелі қызметкерлеріміз, – деді станция бастығының орынбасары Ғабит Тлеубаев.

Айтса айтқандай, белкөлдіктер бағындырған биік көз тартарлық. Негізгі өндірістік көрсеткіштер 96-126 пайыз аралығында орындалған. Жалпы бекеттегі тасымалдау жұмыстары кезінде технологиялық талаптар, техникалық және еңбек қауіпсіздігі қағидалары толық сақталып жұмыс жасалады. Әрбір станциялық өзіне бекітілген міндетті кәсіби деңгейде орындауға дағдыланған. Демек, «Белкөлдің басты   байлығы – адамдары» деген станция басшысының тұжырымымен біз де келісеміз.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды