Манкент – Шымкенттің қақпасы

Станция тынысы
06.02.2025, 09:16
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Пойыз оңтүстіктегі мегаполис қала Шымкентке жақындағанда Манкент станциясына аялдайды. Бейне бір қалаға кірер қақпа сынды. Сайрам ауданының орталығы, табиғаты көркем, халық тығыз қоныстанған Ақсукентте орналасқан  станцияда қозғалыс өте жиі.  

Бүгінде Манкент станциясында, яғни Ақсукентте 25 мыңға жуық адам тұрады. Ал Ақсукент-1 мен Ақсукент-2 ықшамауданының аралығындағы теміржол өткелі арқылы екі жаққа қатынайтын адамдардың орташа тәуліктік көрсеткіші 500-700 адамды құрайды. Темір жолдың қауіпті аймақ екені ескеріліп, станция аумағына жүргіншілерге арналған 1 емес, 2 жаяу көпірі салынған. Алайда, жерілікті тұрғындар тарапынан осы қос көпір тиімді пайдаланылмай келеді.

– Адамдар көпір арқылы қауіпсіз өтудің орнына темір жолды кесіп өтіп, өз өміріне де, өндірістік қызмет үдерісіне де көп зиянын тигізуден тыйылмай-ақ келеді. Осы мақсатта біз тиісті нұсқаулық бойынша әрекет етіп, азаматтарға ескерту мен хабарландыру парақшаларын таратып, жақын маңда тұратын тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Мектеп пен мекемелерге барып, арнайы кездесулер де ұйымдастырудамыз. Бірақ «көрмес түйені де көрмес» дегендей, өкінішке қарай, жергілікті тұрғындар тарапынан қауіпті аймақтан өтудің тәртібін қатаң сақтаудың орнына оңай жолмен жүрем деп оңбай қап жатқандар жоқ емес. Мәселен, соңғы екі жыл ішінде станция аумағында жергілікті тұрғындардың қатысуымен 5 оқиға тіркеліп, оның екеуі қайғылы жағдаймен аяқталды. Ал үш адам айдың-күннің аманында мүгедектер арбасына таңылды, – дейді еңбек қауіпсіздігі бойынша станция бастығының орынбасары Асхат Ақберді.

Оқыс жағдайлардың орын алуы адамдардың өз өміріне немқұрайлы қарауының салдары екені сөзсіз. Ал теміржолшылар  қоғам арасында қауіпті аймақ жайлы айтарлықтай дабыл қағумен келеді. Соқырға таяқ ұстатқандай ескерту тақтайшалары да ілінген. Бірақ азаматтардың санасы селт етер емес.

– Сондықтан біз жергілікті әкімдік деп тиісті саладағы жетекші мекемелерге Ақсукент-2 елдімекені маңындағы 1 700 метр шамасындағы теміржол жиегіне арнайы қоршау орнату мәселесін көтеріп, хат жазып, қолдау күтудеміз, – дейді станция бастығы Қуаныш Наурызбайұлы.

Мамандардың айтуынша, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етудің ең тиімді жолы осы көрінеді.

Бүгінде Қуаныш Табеев жетекшілік ететін Манкент станциясында 22 адам еңбек етеді. Мекеменің өткен жылғы көрсеткіштерін талдасақ,  станцияның жылдық вагон айналымы 40 459 вагонды құраған. Оның ішінде 868 вагон өңделіп, 39 591 вагон транзит санатында өткен. Сол сияқты 19 959 вагон жергілікті вагон ретінде тұйық жолға кіргізіліп, жүк түсірілген. Сөйтіп жоспар көрсеткіші 122 пайызға асыра орындалған. Ал 1 051 вагонға жүк тиеліп, жөнетілген. Осылайша манкенттік теміржолшылар жыл бойы станцияға 1 178 жүк пойызын қабылдап, 1 337 жылжымалы құрамды құрастырып, жолға салған.

Айта кету керерк, кейде станция аумағына кірген вагонның өңделу процесіне қызметті қолданушылар жауапкершілігінің төмендігінен тірлік кері кетіп жатады. Айталық, жаңа жылдың алдында  Манкент станциясы Беларусьтен келген жүк вагондарын қабылдаудан бас тартқан. Мұндай шешім қабылдауға жиһаз ағаштарын тасымалдаумен айналысатын компанияның қоймасы затқа толып тұруы себеп болған көрінеді. Яғни вагондағы жүкті түсіретін орын болмаған. Сөйтіп Беларусь елінен келген 51 жабық вагон іргелес орналасқан Ынтымақ станциясындағы тұйық жолға қойылған. Соның салдарынан Манкент станциясының желтоқсан айындағы жоспар орындау көрсеткіші төмендеген. Станция басшылығы қызметтік хат жазу арқылы жағдайды ушықтырмай, мәселені оңтайлы шеше білген.  Үшінші мегаполис қақпасы атанған Манкент станциясының ұжымы бүгінде өткен жылы жоспар-жобаларды қорытындылап, ағымдағы жылға міндеттерді іске асыруға кіріскен.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға