Белкөл станциясы: Жауапкершілік пен кәсібилік биігінде

Станция тынысы
12.06.2025, 09:47
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол – тәртіп пен дәлдікті талап ететін күрделі сала. Ал бұл саладағы табысты жұмыс ең алдымен теміржолшылардың кәсіби шеберлігіне, жауапкершілігіне және қауіпсіздікке баса мән беруіне байланысты. Осы орайда, Белкөл станциясы ұжымы үлгі боларлық еңбек тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін мінсіз ұстанып келе жатыр.

Белкөл станциясындың теміржолшылары 2025 жылдың мамыр айында және 5 ай ішінде теміржол көлігінің қауіпсіздігі мен қозғалысты ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде атқарған. Пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты бірде-бір ереже бұзушылық, ақау немесе төтенше жағдай тіркелмеген. Бұл – станция ұжымының жүйелі түрде жүргізген профилактикалық шаралары мен қатаң бақылауының нәтижесі.

Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау – көрсеткіштерді кемшіліксіз орындаумен де ерекшеленеді. Есептік кезеңде маневрлік және негізгі пойыз қозғалысында белкөлдіктер тарапынан қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға қатысты ешқандай оқиға тіркелмеген. 2025 жылдың мамыр айында да, жалпы бес айлық көрсеткіш бойынша да вагондардың бүлінуі немесе техникалық зақымдануы болмаған. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес мерзімімен де тең, ол кезде де ешқандай ақау анықталмаған болатын.

Пойыз қозғалысының автоматтандырылған жүйелері – сигнал беру мен байланыс құрылғылары да мінсіз жұмыс істеуде. Мамыр және өткен 5 айлық мерзім ішінде бұл жүйелерде бірде-бір ақау орын алған жоқ.

Жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысын тұрақты бақылауда ұстайтын белкөлдіктердің станция аумағында пойыздарды қабылдау және жөнелтуі үнемі бекітілген технологиялық регламентке сай жүргізіледі. Белкөл станциясы бастығының орынбасары Ғабит Тлеубаевтың мәліметінше, пойыздарды бейінді емес жолдармен жөнелтуге жол берілмеген. Жолаушылар мен жүк пойыздарының кестеге сай қозғалысы сақталып, вагондарды тиеу мен түсіру секілді өндірістік бағыттар жоғары деңгейде орындалған.

Қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен қатаң тәртіп өз жемісін беріп келеді. Пойыз құрастырушылар – К. Мәлікайдаров, Н. Омаров, С. Айтмырзаев және парк кезекшілері – Е. Түзелбаев, Ж. Аптықалықов, М. Сейітов сынды теміржолшылар өздерінің кәсіби міндеттерін сапалы және жауапкершілікпен атқаруда. Олардың үйлесімді әрекеттері Белкөлдегі тәртіптің, үздіксіз қозғалыстың басты кепілі. Бұл пойыз қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз ұйымдастырылуына тікелей әсер ететін маңызды фактор.

Қауіпсіздік және тексеру шаралары станция жұмысының өнімді болуының кепілі саналатындықтан бекет басшылары үнемі бақылау жасап отырады. Мәселен, станция басшылығы мамыр айында 4 тексеру жүргізіп, 2 заң бұзушылықты анықтаса, жыл басынан бері барлығы 36 тексеріс өткізіліп, 27 заң бұзушылық тіркеліпті. Сонымен қатар, станцияда жолдар мен құрылғыларға, қауіпті жүктерге арналған вагондарды орналастыру аймақтарына комиссиялық тексеру ұйымдастырылып, анықталған 167 кемшіліктің жойылу мерзімі белгіленіп, бақылауға алыныпты.

– Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау және теміржолдағы тәртіпті арттыру мақсатында келесі түзету шараларына аса мән беру тапсырылды. Теміржолшылар локомотив бригадаларының маневрлік қозғалыстағы тәртіпті сақтауына тосын тексеріс арқылы бақылау жасау жүктелді. Вокзал аумағында бейтаныс адамдардың болуы мен теміржолды заңсыз кесіп өту жағдайларын болдырмау мақсатында дауыс зорайтқыш арқылы әр үш сағат сайын ескерту хабарламалар жариялау. Жергілікті тұрғындармен үнемі ақпараттық жұмыстар жүргізу, теміржолдың қауіптілігін түсіндіру жұмыстарын күшейту. Станция басшылығы пойыздардың тағайындалуына, вагондардың ұзақ тұрақта қалуына және ауа райының күрт нашарлауы жағдайында қозғалысқа тұрақты мониторинг орнатып бақылауда ұстау. Ай сайынғы комиссиялық тексерулер барысында анықталған ақаулар мен ауытқуларды уақытылы жою бойынша қатаң бақылау орнату секілді тапсырма жүктеген станция бастығының пәрменін күн кешіктірмей орындау үшін жұмыс жасалып жатыр. Жалпы қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік тәртіпті ақтай отырып кәсіби деңгейінде жүйелі жұмыс жасау теміржолшылардың қашаннан дағдысына айналған. Біз де осы ұстаныммен келе жатырмыз, – дейді станция бастығының орынбасары.

Белкөл станциясы теміржолшыларының 2025 жылдың алғашқы бес айындағы қызметі жоғары кәсіби дайындық пен теміржол қозғалысындағы тәртіптің нақты көрінісі. Әрбір қызметкердің өз міндетін сапалы орындауы, алдын алу шараларын дер кезінде қабылдау, қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануы станция жұмысының тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік