«Білім экспресі» жұмысы қорытындыланды

Трансформация
22.02.2024, 10:58
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Адам ресурстарын басқару департаменті былтыр алғаш жүзеге асырған «Білім экспресі» ішкі тренерлер жобасы бойынша жұмыстарын қорытындылап, бірінші форумын өткізді.  

Форумға модераторлық еткен аталған департаменттің HR-бизнес серіктесі Алма Сәулебаева алғашқы сөзді компанияның бас инженері Батыр Котыревке берді.  

 – Компанияның басты құндылығы – оның қызметкерлері. Әр ауысым, әр күн сайын олар қауіпті аймақта жүреді. Қызметкерлердің 70 пайыздан астамының жұмысы қауіпті жабдықтармен байланысты. Оның үстіне компания – Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші. Еліміздегі әрбір азаматтың теміржолмен байланысы бар. Қалай болғанда да теміржол – ел экономикасының негізі. Сондықтан біз – елде ең белсенді қызметкерлер тобына жатамыз, – деді бас инженер.

Форумға қонақ ретінде шақырылған «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев 100 мыңнан астам қызметкері бар компанияда жұмысшылардың білімі мен біліктілігін ұдайы дамытып отыруға ерекше көңіл бөлінетіні үлкен жетістік екенін атап өтті. Ал келесі сөз кезегін алған компанияның Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Ізтлеева, Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы кадрлық әкімшіліктендіру департаментінің директоры Аяужан Баймақанқызы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив пайдалану департаментінің бас менеджері Иван Костыря, ҚТЖ әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Замир Серіков өздерінің осы бағыттағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.  

– Компанияда ішкі тренерлер институтын қалыптастырғанымызды мақтан тұтамыз. ҚТЖ-да пул ретінде ішкі тренерлер 2019 жылдан бастап қалыптасты. Алайда оның дамуы желілік және өңірлік, корпоративтік деңгейде түрлі бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы қарқын алды. Бүгінде компаниядағы 90-нан астам ішкі тренерлердің 50 пайызы тренингтер өткізеді. Олардың көтеретін тақырыптары өте ауқымды және қызметкерлердің жан-жақты дамуы үшін аса маңызды, – дейді С.Ізтлеева. Одан әрі Алма Сәулебаева «Білім экспресі» жобасының былтырғы нәтижелерін таныстырып, ішкі тренерлердің компания қызметіндегі рөліне тоқталды.  

 – Ішкі тренерлердің негізгі міндеттері – қызметкерлердің біліктілігін арттыру, дарынды жастарды тарту және өсіру, персоналды өзгерістерге бейімдеу, қызметкерлердің өз бетінше білім алуын қолдау, корпоративтік мәдениет деңгейін дамыту, білім базасын жаңарту, білімге жұмсалатын қаржыны тиімді жұмсау. Соның нәтижесінде компанияда пойыздар қозғалысы және еңбек қауіпсіздігін, еңбек өнімділігін, компания тиімділігін арттыру күтіледі. Ішкі тренерлік компанияны дамытудың және ұдайы өзгерістер жағдайында өз бетінше білім алатын ұйымдар құрудың негізгі құралы, – деген спикер өткен жылғы жұмыстарымен бөлісті.

Оның айтуынша, аталған жоба аясында былтыр 67 тренер мен 9 қосалқы тренер 167 оқыту іс-шарасын өткізіп, 8547 жұмысшыны оқытқан. Жоба бойынша жүрмелі кездесулерде 18 ішкі тренер  еліміздің 13 өңіріне барып, 6260 жұмысшыға сабақ өткізген. Тренингтер тақырыптары – тиімділікті басқару, эмоционалды интеллект, күйзеліске төзімділік, кикілжіңді басқару, тиімді коммуникациялар, клиентке бағдарлану, тайм-менеджмент және үнемді өндіріс.  

Форум барысында Ц-кадр бойынша аға HR-бизнес серіктесі Әсел Манарбекқызы «Қайта жинақтау» тақырыбында шағын шеберлік сабағын өткізді және жоба туралы бейнеролик көрсетілді.  

– Бұл жобаға мен алғаш рет 2020 жылы келдім, ішкі тренерлерді таңдау байқауына қатысып, 50 үздіктің қатарында бір жыл толық курстан өттік. 2021 жылдан бастап бүгінге дейін компанияның барлық өңірлеріне офлайн форматында тренингтер өткізудеміз, арасында онлайн да өткіземіз. Әр өңірге кем дегенде 3 тренер топпен шығамыз, мұның тиімділігі неде? Өңірлердегі қызметкерлерді оқыту үшін олардың бәрін бері шақыртып алдырғанша, үш тренерді сол жаққа жіберген  барлық жағынан тиімді. Менің тақырыбым – күйзеліске төзімділік, – дейді «Семей жүк тасымалы» бөлімшесінің персоналмен жұмыс істеу бөлімінің менеджері Бекзат Кәрімханов.

Түстен кейін ішкі тренер Махаббат Есен «Көпшілік алдында сөйлеу» тақырыбында тренинг өткізді. Форум соңында барлық қатысушыларға компанияның аппарат басшысы Серік Кеулімжаевтың Алғыс хаты мен төсбелгілер табыс етіліп, бірқатар ішкі тренерлерге «Үздік ішкі тренер» атағы және «Алтын үкі» мүсіні берілді.  

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады