SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім

Трансформация
22.09.2026, 09:23
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына SAP жүйесінің енгізіліп, кеңінен пайдаланылып келе жатқанына биыл 20 жыл толып отыр. Бұл жүйеге дейін компаниядағы бизнес-процестер бір-бірінен оқшау жұмыс істеді. Яғни деректер әртүрлі жүйелерде сақталып, есептер қолмен дайындалып, ал басқарушылық шешімдер ұзақ уақытты талап ететін.

Осы арада ҚТЖ неліктен SAP жүйесін таңдады деген сұрақ туындайды? Өйткені бұл – ҚТЖ сияқты ірі компанияларға арналған әлемдік деңгейдегі озық цифрлық шешім. SAP компанияның барлық қызметін бірыңғай цифрлық ортаға біріктіріп, бизнес-процестерді толық автоматтандыруға жол ашты және адами фактордан туындайтын қателерді барынша азайтты.  

Жоба тарихына сәл шолу жасайық: 2006 жылы ҚТЖ-да SAP жүйесі алғаш рет сәтті енгізілді. Жоба Орталық аппаратты, бірқатар филиалдарды және материалдық-техникалық базаларды қамтып, жалпы 20 құрылымдық бөлімшеде іске асырылды. Алайда жүйені тек жұмыс кабинеттеріне енгізумен шектелу жеткіліксіз еді. Осыған байланысты өңірлердегі инфрақұрылымды дамыту, байланыс желілерін ұйымдастыру, компьютерлік техникамен, серверлермен және лицензиялармен қамтамасыз ету жұмыстары қатар жүргізілді. Сонымен қатар бизнес-процестерді қайта ұйымдастыру мәселелері шешіліп, автоматтандырудың тиімділігі барынша арттырылды.  

2013-2014 жылдары SAP жүйесі қарқынды дамыды. Жүйе Қазақстанның барлық өңірлеріне кеңінен таратылып, 190-нан астам құрылымдық бөлімшені қамтыды. Компанияның цифрлық экожүйесі қаржы, сатып алу, логистика, өткізу және персоналды басқару бағыттарын толық біріктірді. Жүк тасымалынан түсетін кірістерді есепке алу және компанияның шоғырландырылған есептілігін қалыптастыру автоматтандырылды. Бұрын апталап атқарылатын жұмыстар енді нақты уақыт режимінде орындала бастады. Нәтижесінде автоматтандырылған бизнес-процестер саны 12-ден 85-ке дейін өсті; құрылымдық бөлімшелер саны 20-дан 305-ке дейін артты; 2005 жылдан бері SAP пайдаланушыларының саны 336 адамнан 7 653 адамға дейін, яғни 22 еседен астам көбейді. Бүгінде SAP пайдаланушыларын қолдау қызметіне жыл сайын 76 мыңнан астам өтініш келіп түседі.  

Әрбір жетістіктің басында тек заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету емес, ең алдымен кәсіби мамандар тұратынын ескерсек, SAP жобасы іске қосылған күннен бастап қызметкерлердің құзыреттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Жүйелі оқыту нәтижесінде ҚТЖ-да SAP жүйесін қолдап қана қоймай, оны өз күшімен дамыта алатын білікті мамандар командасы қалыптасты. Бүгінде Департамент қызметкерлері SAP Learning Hub платформасында тұрақты түрде арнайы оқудан өтіп, халықаралық сертификат алу мүмкіндігіне ие болып отыр.  

Әрі қарай SAP жүйесін пайдалана отырып, соңғы жылдары жүзеге асырылған негізгі міндеттер мен жобаларға тоқталсақ. Біріншіден, жүк тасымалы және кірістерді басқару бағытында: CRM жүйелерімен клиенттердің қаражатын онлайн резервтеу бойынша интеграция жүзеге асырылса, сондай-ақ екінші деңгейлі банктермен онлайн төлемдерді қабылдау интеграциясы енгізілді. Ал бұл клиенттерге қызмет көрсету сапасын едәуір арттырды.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеуді басқару бағытында, жөндеу жұмыстарын басқарудың негізгі процестері толық автоматтандырылды. Мобильді диагностикалық кешендерден (МДК) SAP жүйесіне деректердің автоматты түрде берілуі қолмен енгізуді толықтай жойып, ақпаратты өңдеу жылдамдығын бірнеше есе арттырды. Сонымен қатар арнайы жылжымалы құрамды есепке алу функционалы автоматтандырылды.  

Деректерді басқару бағыты бойынша арнайы киімдер мен жеке қорғаныс құралдарының лимиттері жаңа стандарттарға сәйкес жүйелендіріліп, материалдардың жаңа анықтамалығы қалыптастырылды. Осылайша, қызметкерлердің арнайы киімге қажеттілігін жоспарлау толық автоматтандырылып, жоспарлау сапасы артты және қызметкерлерді арнайы киіммен уақытылы қамтамасыз ету мәселесі қарастырылуда.  

Озық жүйе персоналды басқару (HR) бағытына да жаңа серпін берді. SAP платформасындағы HR-жоба Қазақстандағы ең ірі жобалардың біріне айналып, компаниядағы персоналды басқарудың бірыңғай цифрлық негізін қалыптастырды. Жиырма жыл бойы жүйе еліміздегі ең ірі HR-инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, 100 мыңнан астам қызметкердің кадрлық процестері мен еңбекақысын есептеуді бірыңғай форматта жүргізіп келеді. Атап өтерлігі, осы уақыт ішінде негізгі бизнес-процестерді тоқтатпай-ақ жүздеген жетілдіру мен өзгерістер енгізілді. Бұл жүйенің сенімділігі мен ауқымдылығын, сондай-ақ жаңа талаптарға икемді бейімделе алатынын дәлелдей түсті.  

SAP-тың игілігін қаржы және негізгі құралдар бағытынан да көруге болады. Жүйе арқасында негізгі құралдардың табиғи тозуын есептеу автоматтандырылып, инвентарлық карточкалардағы деректер ретке келтірілді. Ал бұл өз кезегінде, ақпарат енгізудегі қателіктерді азайтып және тарифтік сметаны Табиғи монополияларды реттеу комитеті алдында сәтті қорғауға мүмкіндік берді.  

Материалдық ресурстарды басқару бағытына келсек, материалдық базалардағы қорлардың қозғалысы цифрландырылуда, барлық есеп беру нысандары SAP жүйесінде стандартталды. Осылайша, Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес жаңа қосымша құн салығы мөлшерлемелеріне көшу уақытылы жүзеге асырылды.  

SAP BW/SAP Analytics Cloud немесе Деректер қоймасы және аналитика бағытына келсек, SAP BW деректер қоймасы негізінде SAP Analytics Cloud платформасында интерактивті дашбордтар әзірленді. Нәтижесінде компания басшылығы негізгі көрсеткіштерді онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін заманауи аналитикалық құралға ие болды. Міне, бұлар – SAP жүйесі шеңберінде іске асырылған ілкімді жобалар мен міндеттер.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандары SAP жобасының ауқымын әлі де кеңейте түсіп, жалғастыруды жоспарлап отыр. Алдағы міндеттерге келсек, олардың қатарында: ТОжЖ автоматтандырылған жүйесін «Магистральдық желі дирекциясының» барлық филиалдарына енгізу; еншілес ұйымдардың жүйелерімен контрагенттер мен тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер анықтамалықтары бойынша интеграцияны іске асыру; персоналды басқару жүйесін «Пойыз бригадаларының жұмысын басқару», IDMX есептік жазбаларды басқару жүйесі, job.railways және enbek.kz платформаларымен біріктіріп, кадрларды іздеу және іріктеу процесін оңтайландыру; шығыстар бюджеті мен сатып алу жоспарына түзетулер енгізудің бірыңғай цифрлық процесін автоматтандыру және сатып алу жоспарын ИСЭЗ жүйесімен ықпалдастыру іс-шаралары бар.  

Сонымен қатар компания SAP S/4HANA платформасына кезең-кезеңімен көшуді жоспарлап отыр. Бұл барлық бизнес-процестерді түбегейлі қайта қарауға, цифрлық трансформацияны жаңа деңгейге көтеруге және жүйені қоғамның еншілес ұйымдарына кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Мамандар SAP жүйелерін одан әрі дамыту жоғары сапалы деректер қорын қалыптастырып, жасанды интеллект технологияларын барынша тиімді қолдануға мол мүмкіндік беретінін сеніммен айтады.

 

Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды