Сарышаған дистанциясында аппараттық залдар жаңғыртылуда

Трансформация
02.04.2024, 12:51
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Сарышаған сигнализация және байланыс дистанциясының 3 бірдей желілік аппараттық залы модернизациялау бағдарламасына енгізілген. «Шу – Астана» бағыты бойынша жаңғырту кезеңіне кірген аппараттық залдардың жаңғыртылуы – жұмыс сапасын арттырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етері сөзсіз.

Дистанция бастығы Бауыржан Қалақбасовтың айтуынша, былтыр жыл соңында басталған жаңғырту жұмыстары биыл алғашқы тоқсанда аяқталмақшы. Еліміз бойынша екі жыл бұрын басталған магистральдық желілерді модернизациялау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқаны белгілі. 11 станцияда радиобайланыс орнатылған, 257 бағыттама бұрмасы бар, 267 шақырым магистральдық желі бойындағы жол қозғалысының қауіпсіздігіне жауапты Сарышаған сигнализация және байланыс дистанциясында желілік аппараттық ғимараттарды жаңғырту жұмыстары көп жылдан бері кезегін күткен мәселе-тін. Дистанцияның бас инженері Мақсат Исаев 267 шақырым желі «Неман» диспетчерлік орталықтандыру жүйесі арқылы бақыланатынын айтады. Ал бағыттағыш бұрмалардың 204 данасы жаңа италиялық «Ariston» бұрмасына ауыстырылыпты. Тағы елуінде СП-6М ресейлік бұрма қойылған.  

– Дистанцияда 583 бағдаршам, 3 теміржол өткелі бар. 2013 жылы теміржол жылжымалы құрамының қозғалыс бөліктерін диагностикалауға арналған көпфункционалды техникалық құралдар кешенін «КТСМ-01»-ден «КТСМ-02»-ге жаңартылған. Осындай модельдің 13-і бар, бұл құрылғы вагонға ілесіп, салбырап келе жатқан зат болса, бәрін тексеріп, анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дөңгелектің қызуын бақылап, уақытылы майланды ма, жоқ па, анықтай алады. Жалпы ақауларды анықтап, оны дер кезінде жоюға керекті техникаларымыз, бір дәнекерлеу цехымыз бар. Дрезина, 9 машина, бір ЗИЛ жүк көлігі, бір тракторымыз кез келген жұмысқа дайын, жұмысшылар игілігінде, – дейді Мақсат Сейдалыұлы.  

Сигнализация және байланыс дистанцияларының жұмысын теміржол саласындағы микрохирургияға балаған бас инженер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде техникалар мен құрылғылардың жаңартылуы аса маңызды екенін алға тартты.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда