Техникалар паркі кезең-кезеңмен жаңаруда

Трансформация
14.03.2025, 08:40
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздің теміржол магистральдарын сауықтырып, жаңғыртып-жаңалауда ауыр жол техникаларының рөлі зор. Ал осы арнайы жылжымалы құрам, автотракторлық техникалар, жол шаруашылығының шағын механикаландыру құралдарының жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету, оларға техникалық қызмет көрсетіп және жөндеу түрлерін жүргізіп, жаңарту «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Жылжымалы құрам және механикаландыру департаментіне жүктелген.

Техникалар паркі кезең-кезеңмен жаңаруда. Өткен жылы 4 төсеу краны, 8 өздігінен жүретін МПК платформасы, 3 бірлік ВПО-С жол машинасы, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарына арналған теміржол жүрісіндегі кран және 4 тиеу-көлік мотовозы сияқты техникалар сатып алынды. Қиыршық тас тазалағыш машина және 3 электробалластер сияқты ауыр типтегі машиналарды сатып алу жолды күрделі жөндеу көлемін, сондай-ақ жолды шаруашылық тәсілмен жөндеудің басқа түрлерін ұлғайтуға, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыруға және толаскез уақытын 4 есеге азайтуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолды күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау, сондай-ақ қиыршық таспен толтыруды талап ететін учаскелерді азайту мақсатында жолды жөндеу және қиыршық тасты тазалау жұмыстарын орындау кезінде пайдаланылатын хоппер-дозаторлық ХДВ вагондарын сатып алу қажет. 2025 жылы 90 бірлік көлемінде осындай вагондарды сатып алу жоспарланған.  

Бұдан басқа алдағы екі жылда жол жұмыстарын жеңілдететін тағы бірқатар техникалар сатып алынбақ. Атап айтқанда, 10 бірлік рельстерді тасымалдау үшін ПРЛ жолжөндеуші летучкасы, 1 бірлік ескі жарамды рельс бунақтарын немесе бунақтарға жиналған инвентарлық рельстерді жаңа рельсті бунақтарға ауыстыруға арналған рельсті төсеу кешені сатып алынған. Бұл техникаларды сатып алуға биыл келісімшарт жасалып, 2026 жылы жеткізілмек. Сонымен қатар қалпына келтіру жұмыстары үшін теміржолмен жүретін 1 кран сатып алу жоспарланған. Мамандардың айтуынша, көлік жағдайынан телескопиялық стрелкасы шығатын жұмыс жағдайына тез бейімделетін және тар жағдайларда, яғни ригельдердің астында жұмыс істей алатын бұл техника пойыздардың үзілген қозғалысын қалпына келтіру уақытының қысқаруына айтарлықтай әсер етеді.  

«Жол техникалары жазғы жол жұмыстарында жолдың ағымдық күтімін жасауға тұрақты жұмылдырылады. Мәселен, өткен жылы Дуоматик машиналарымен 2500 астам шақырым жол асты, Унимат және ВПРС машиналарымен 2000 жуық бағыттағыш бұрма асты нығыздалды. Сонымен қатар RM машиналарымен 274 км жолдың баласты тазартылып, Desek машинасын қолдана отырып, 306 бірлік бағыттағыш бұрма төселді. Атлас машиналарымен 3760 км жолдың рельсі ажарланып, 800 км астам жол ПРБ машиналарымен түзетілді. Темір жолдардың 12 мыңға жуық түйіспесі ПРСМ машиналарының көмегімен дәнекерленді. Бұл ауыр жол техникаларын пайдалана отырып, биыл да 1400 км астам жолды сауықтырып, жөндеу түрлерін жүргізу қарастырылып отыр», – дейді департамент директоры Андрей Шаповалов.  

Биыл Шымкент магистральдық желі бөлімшесі бойынша жазғы жол жөндеу науқаны шеңберінде өңірдегі 160 шақырымға жуық жолды сауықтыру жоспарланып, қазір осы жұмыстар басталған. Шымкенттік теміржолшылар, жұмыстар жоғары өнімді техникаларды, атап айтқанда қиыршық тасты тазалайтын және жолдардың түзейтін машиналарды қолдана отырып жүргізілетінін айтып отыр. Сондай-ақ UNIMAT MF және DESEC жол машиналары кешендерінің көмегімен 100-ден астам бағыттаушы бұрмалардың жағдайы жақсартылмақ. Ал темірбетон негізіндегі 41 бағыттамалы бұрма кешені жаңасына ауыстырылмақ. Бұдан басқа, Арыс станциясын дамытудың 2-ші кезеңін іске асыру үшін теміржолшылар Арыс-2 станциясы мен Арыс-1 станциясының «Д» паркінің арасындағы айналма жолдың 3 шақырымына күшейтілген орташа жөндеу жүргізілмек. Өткен жылы Арыс станциясын дамытудың бірінші кезеңі аясында жұп сұрыптау жүйесінің екі паркі қалпына келтіріліп, бұл станцияның өткізу қабілетін 20%-ға арттыруға мүмкіндік берген еді.  

Жылжымалы құрам және механикаландыру департаменті қысқы маусымда қар тазалау және жинау техникаларына да жауапты. Мәселен, биылғы жылдың қыс маусымына департамент мамандары еліміз бойынша 280 бірлік қар жинайтын және қар тазалайтын техниканы дайындап, ауа-райы нашарлаған кездерде күн сайын 50-ден 150 бірлік машинаға дейін жұмылдырылып келеді.  

Өткен жылдың маңызды жетістіктерінің бірі – қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, күрделі жөндеу жүргізу арқылы нормативтік қызмет мерзімі өткеннен кейін кейінге қалдырылған 60 бірлік хоппер-мөлшерлегіш вагондарды пайдалануға беру қамтамасыз етілген.

«Жол машиналары машинистерінің бригадалары үшін санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша бағдарламалар шеңберінде жолаушылар вагондарының қызмет ету мерзімі өткеннен кейін оларды тұрғын жай болатын модульдік вагондарға айналдыра отырып, 13 бірлікке жөндеу жүргізілді. Вагондарға жөндеу жүргізу барысында киімді шешуге және кептіруге арналған шкафтар жасалып, жуынатын бөлме мен дәретхана, ас үй, асхана, ұйықтайтын орын және шеберхана орнатылды. 2025 жылы бұл жұмыстар жалғасады, біз 16 бірлік вагонды жөндеуді жоспарлап отырмыз», – деп түйіндеді сөзін Андрей Владимирович.  

 

Инфрақұрылым
28.06.2025
Елімізде теміржол желісіне ауқымды жаңғырту жүргізуде
Жаңалықтар
27.06.2025
Варшавада ТХКБ дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
ҚТЖ келбеті
27.06.2025
Вагон қозғалысын реттеушілер жайлы бір үзік сыр
Инфрақұрылым
27.06.2025
Маңғыстау теміржолы күрделі жөндеуге күш салуда
ҚТЖ келбеті
27.06.2025
Қырық жыл кешіккен шындық
Әлеумет
27.06.2025
Балалар жазы көңілді
Инфрақұрылым
27.06.2025
Теміржол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Жаңалықтар / Мұрағат
27.06.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 27 маусым 2025 жыл
Әлемде
26.06.2025
Қытай темір жолдары биыл 1,86 млрд жолаушы тасымалдап, жаңа рекорд орнатты
Қауіпсіздік
26.06.2025
Семейде қозғалыс қауіпсіздігіне арналған кеңейтілген кеңес өтті
Спорт
26.06.2025
Ақтөбеде теміржолшылар тартысты ойын көрсетті
Жаңалықтар
26.06.2025
Астанада көлік, логистика көшбасшыларының басын біріктірген халықаралық көрме өтіп жатыр
Жолаушылар тасымалы
26.06.2025
Жыл соңына дейін ҚТЖ пойыздарының барлығы бейнекамерамен жабдықталады
Жаңалықтар
25.06.2025
Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Атыраудағы вагон шығару зауытына барды
Жаңалықтар
25.06.2025
Нұрлан Жақыпов Alstom компаниясымен әрі қарайғы серіктестікті талқылады
Әлемде
25.06.2025
Қытай 650 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын магнитопланды сынақтан өткізді
Аймақтар
25.06.2025
Алматы темір жол бөлімшесінде жүк тасымалы 16%-ға өсті
Жаңалықтар
24.06.2025
Тоқаев: Теміржол саласында Alstom, Wabtec және Stadler компанияларымен табысты серіктестік орнаттық
Жаңалықтар
24.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Wabtec президентімен кездесті
Жолаушылар тасымалы
24.06.2025
Биыл 240 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жолаушы ҚТЖ пойыздарымен сапарға шыққан