Елде теміржол техникасын өндіру көлемі еселеп артты

Трансформация
20.08.2025, 09:39
Қазақстан теміржолшысы

Кеше, 19 тамызда Үкімет отырысында теміржол саласын дамыту мәселелері талқыланды. Жиында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев теміржол машина жасау саласындағы жетістіктер мен алдағы жоспарларды баяндады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Министрдің айтуынша, теміржол өнеркәсібі еліміздегі машина жасау өндірісінің 13 пайызын құрайды. Қазіргі таңда бұл салада 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді, онда 8 мыңға жуық адам еңбек етеді. Өткен жылы теміржол өнімдерін шығару көлемі 25 пайызға өсіп, 600 миллиард теңгеге жеткен. Биылғы жеті айдың ішінде ашық жүк вагондарының өндірісі бес есеге, ал жайдақ платформалар 2,2 есеге артқан.

Соңғы бес жылда ұлттық оператордың вагон паркін жаңарту аясында салаға ірі инвестициялар тартылып, Қазақстан нарығына Wabtec, Alstom, Stadler сынды әлемдік жетекші компаниялар келді. Бүгінгі күні теміржол техникасы өндірісінде локализация деңгейі 35–40 пайыз аралығында қамтамасыз етіліп отыр. Бұл көрсеткішті одан әрі арттыру мақсатында отандық өндірушілердің қатысуымен жаңа кәсіпорындар ашылып, бірлескен жобалар жүзеге асырылмақ.

Жаңа өндіріс ошақтары

Елімізде соңғы жылдары теміржол техникасын өндіру бағытында бірнеше ірі зауыт іске қосылды.

Астана қаласында биыл қаңтар айында жылына жүзге жуық жолаушылар вагонын шығаратын «Stadler Қазақстан» зауыты пайдалануға берілді. Шығарылған вагондар 2030 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясына жеткізілмек. Жыл соңына дейін алғашқы 51 вагон пайдалануға берілмек.

Атырау облысында жылына 6 мың жүк вагоны мен цистерна өндіретін зауыт іске қосылды. Сондай-ақ инвестор жылына 60 мың тоннаға дейін бөлшектер құятын Foundry кластерін салуда. Бұл кешеннің ашылуы 2027 жылға жоспарланған.

Семей қаласында жылына 600 жүк вагонын шығаратын жаңа өндіріс орны жұмысын бастады.

Екібастұз қаласында теміржол техникасы мен оның құрамдас бөлшектерін өндіретін ірі кластер құрылды. Биыл осы жерде жылына 160 мыңға дейін өнім шығаратын бандаждық кешен іске қосылады.

Ішкі нарықты дамытуға серпін

Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, оффтейк-келісімшарттар отандық өндірушілерді тұрақты тапсырыс көлемімен қамтамасыз етіп, өндірістік қуаттың тиімді пайдаланылуына жағдай жасайды. Сонымен қатар вагон шығаратын зауыттарда жергілікті материалдар мен бөлшектердің үлесі арттырылмақ.

Қазіргі таңда министрлік барлық вагондар мен локомотивтерге қажетті бөлшектерді жинақтап, дайын өнім шығару жөніндегі кешенді келісім жобасын әзірлеуде. Бұл бастама импортқа тәуелділікті азайтып, отандық машина жасау саласын жаңа деңгейге көтереді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі теміржол машина жасау саласын дамыту арқылы экономиканың тұрақты өсуіне ықпал етуді көздеп отыр. Жаңа өндірістердің іске қосылуы, шетелдік инвесторлардың келуі және отандық кәсіпорындардың белсенділігі – бұл саланың болашағы зор екенін көрсетеді.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл