Wabtec – сенімді серіктес

Трансформация
24.02.2026, 09:20
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Премьер-министр Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Жиында шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейту, ұзақ мерзімді капиталды, технологияларды және үздік халықаралық тәжірибелерді тарту, бизнес үшін ашық және болжамды орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Қазақстан америкалық «Wabtec Corporation» холдингінің өңірдегі өндірістік серіктестері арасында көлемі бойынша екінші орында тұр. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 теміржол техникасын құрайды. ҚТЖ-мен әріптестік шеңберінде локомотивтер мен дизельді қозғалтқыштарды шығаруды одан әрі ұлғайту жоспарлануда. Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын дамыту, «осал тұстарды» жою бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарды ескере отырып, локомотив паркін жаңарту және өндірістік қуатты кеңейту елдің транзиттік әлеуеті мен өткізу қабілетіне серпін береді. Кеңесте Wabtec компаниясының ТМД және Моңғолия елдерінде далалық сервистер және техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі вице-президент Ғайни Дүйсенова Қазақстан ТМД өңірінде және жаһандық деңгейде Wabtec корпорациясының негізгі серіктесі мәртебесін бекіткенін мәлімдеді. Ынтымақтастық жылдары Қазақстанда 700-ден астам локомотив шығарылған. Бүгінде олар тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда тасымалдауды қамтамасыз етеді.

– Біздің зауытта Қазақстанда пайдаланылатын локомотивтер паркінің 50%-ның қозғалтқышына күрделі жөндеу жүргізілді. Енді зауытта жаңа дизельді қозғалтқыштар да шығарылатын болады. Осылайша, Қазақстан бүкіл ТМД өңірінде және әлем бойынша Wabtec компаниясының өндіріс бойынша екінші ірі серіктесі болмақ, – деп атап өтті Ғайни Дүйсенова.  

Қазақстан көлік инфрақұрылымын жоспарлы түрде жаңартуды, соның ішінде «C5+1» бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде де жалғастыруда. Ынтымақтастықтың негізгі бағыты – теміржол және авиация салаларындағы ірі жобалар үшін қаржыландыруды тарту.

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес