Шри-Ланкада жанармай тиелген пойыз жолда пілдің үйірін қағып, бірнеше жануарды мерт қылды, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты 24kz-ке сілтеме жасап.  

Апаттан екі цистерна аударылып, 100 мың литр жанармай төгіліп қалды. Жануарлар жүк пойызы жүйіткіп келе жатқанда теміржол арқылы өтпек болған.  

Оқиғадан кейін осы аудандағы пойыз қозғалысы шектелді. Кейінгі жылдары Шри-Ланкада мұндай оқиғалар жиілеп кеткен. Өйткені тіршілік ету ортасы азайған пілдер азық іздеп, елді мекендерге келе беретін болған.  

Былтырдың өзінде пойыз 24 пілді қаққан.