Ресей мен Үндістан бірігіп электр пойыз жасап жатыр

Әлемде
06.04.2026, 13:40
Оқуға 1 мин
Сурет: Kinet Railway Solutions

Ресейлік ТМХ мен Үндістанның бірлескен кәсіпорны «Vande Bharat» жатын электропойызының алғашқы шанағын шығарды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ресейлік «Трансмашхолдинг» (ТМХ) пен үндістандық RVNL компанияларының бірлескен кәсіпорны Kinet Railway Solutions басты вагон шанағын дайындау жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жылжымалы құрам өндірісі Латурдағы Marathwada Rail Coach зауытында жүргізілуде. 16 вагонан тұратын пойыздың прототипі маусым айында таныстырылады деп күтілуде. Ол сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүруге есептелген.

Indian Railways (IR) ұлттық тасымалдаушысы мен Kinet Railway Solutions арасында 2023 жылы жасалған келісімшарт бойынша 120 пойыз (1920 вагон) жеткізіліп, оларға 35 жыл бойы техникалық қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған дейін ТМХ өкілдері мәміленің жалпы құны шамамен 6,5 млрд долларды құрайтынын атап өткен болатын. Өткен жылы бірінші класты төрт орындық жатын купенің толық өлшемді макеті мен экстерьердің жаңартылған тұжырымдамасы ұсынылған еді.

Айта кетерлігі, жатын вагондары бар алғашқы «Vande Bharat» электропойыздары Үндістанда қаңтар айынан бері қатынап жүр. Олар BEML зауытында (Бангалор) IR-мен жасалған 10 құрамға арналған келісімшарт аясында шығарылған. Сонымен қатар, осындай 80 электропойызды (1280 вагон) жеткізуге арналған тапсырысты Titagarh Wagons пен BHEL консорциумы жүзеге асыруда.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды