Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген

Әлемде
15.06.2026, 12:56
Сурет: Синьхуа

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қытайда теміржол арқылы жүк тасымалдау көлемі тұрақты өсім байқатты. Бұл туралы жексенбі күні Қытайдың ұлттық теміржол операторы мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Қытай теміржолдары» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, есепті кезеңде елдегі теміржол көлігімен тасымалданған жүктің жалпы көлемі 1,67 млрд тоннаны құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға көп.

Қытай теміржолдары деректеріне сәйкес, бес ай ішінде тәулігіне орташа есеппен 186,3 мың жүк вагоны тиелген. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға артқан.

Қаңтар-мамыр айларында корпорация экспортқа шығарылатын 824 мың коммерциялық автомобильді тасымалдады, бұл жылдық есепте 55,5 пайызға жоғары. Оның ішінде 422 мыңы жаңа энергия көздерімен жүретін (электромобильдер) көліктер болып табылады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,3 пайызға өскенін көрсетеді.

Халықаралық жүк тасымалы саласы да тұрақты көрсеткіштерге қол жеткізді. Корпорацияның мәліметі бойынша, алғашқы бес айда «Қытай-Еуропа» және «Қытай-Орталық Азия» бағыттарында 15 506 пойыз жөнелтілген, бұл өткен жылдан 12,6 пайызға көп. Оның ішінде дәл «Қытай-Еуропа» халықаралық жүк тасымалы маршруттары бойынша 9 331 пойыз қатынап, жылдық өсім 21 пайызды құрады.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты