Маңғыстауда темір жол мен теңіз жолы арқылы астық экспорттау қарқынды жүріп жатыр

Жүк тасымалы
03.12.2021, 10:32
Оқуға 3 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолымен астық тасымалының көлемі биыл өткен жылғыдан да артып, жұмыс қарқыны қыза түскен. Түбек теміржолы арқылы өтіп жатқан бидай Түркіменстанға, одан әрі Ауғанстанға, ал теңіз жолымен Әзербайжан мен Иран бағытына асуда, деп хабарлайды Rail-news.kz. Түбекке теміржолмен жеткізіліп, Каспий теңізімен экспортталатын астық екі ірі терминалдан жөнелтілуде. Олар: «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» ЖШС және «АқБидай-Терминал» АҚ. Жыл басынан бері осы терминалдар 1 024 000 тонна дәнді теңіз көлігіне ауыстырып тиеген. «Солтүстік» терминал 8 807 вагон түсіріп, 566 мың тонна бидайды Иранға жіберсе, «Ақбидайдан» 458 мың тонна астық жүктелген. Бұл терминалдардың бірі 60 мың тонна, екіншісінің 22 500 тоннаға дейін жинақтау мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар астық сақтайтын 5 мың тонналық екі сыйымдылығы бар «Каспиан Глобал» терминалы да түбектегі тасымалға өз үлесін қосуда. «Каскортранссервис» компаниясының аумағында орналасқан бұл мекемеге жыл басынан бері 153 вагон бидай түсіріліп, олар «бигбек» қапшықтарына қапталып, кемеге тиелген. Иран бағытына жөнелтілген бұл жүктің көлемі – 10 мың тонна.

– Тамыз айында арнайы штаб құрылды. Қосалқы бөлімше басшысының төраға- лығымен ұйымдасқан штабқа логистикалық, коммерциялық бөлімдердің және станциялардың басшылары кіреді. Штаб науқанды ойдағыдай өткізуге жұмыстарды алдын ала пысықтап, міндеттерді белгіледі. Тасымал қыркүйектен басталды. Былтырғыға қарағанда көрсеткіш жоғары. Мәселен, былтыр қыркүйекте «Ақбидай» терминалы 4 100 тонна бидай жөнелткен. Биыл оны 15 400 тоннаға жеткізді. Өткен жылғы қазан айында 137 вагон түсірген, бірақ тиеу болмаған. Осы жылғы қазанда жеті кемемен жөнелтілген жүктің көлемі 26 100 тоннаны құраған.

«Солтүстік» терминалда да солай. Өт- кен жылы ол қыркүйекте тіпті астық жөнелтпеген, тек 68 вагон бидай түсірген. Биылғы қыркүйекте 6 500 тонна астықты ауыстырып тиеп, шетелге шығарды. Ал былтырғы қазанда 8400 тонна бидай жөнелтсе, биыл 20 400 тонна экспорттаған. Сонымен қатар, қараша айының 26-на дейін «Ақбидайға» 35 вагон астық келіп, 7 мың тонна, «Солтүстік» терминалына 60 вагон түсіріліп, 37 мың тонна бидай тиелген. Бұл өткен жылғы салыстырмалы мерзімнен аз, әрине. Тек осы айда көрсеткіш төмендегені болмаса, былтырғыға қарағанда астық тасымалы жоғары, – деп мәлімет берген логистика бөлімінің басшысы Айбек Утеков көрсеткіштің артуына жақында ғана ортаға қосылған жаңа жөнелтушінің де әсері болғанын айтады. Ол – биыл қыркүйектен бастап теңіз портының басынан жүктерді ауыстырып тиеумен айналысатын «Ақтау Грейн» компаниясы. Онда терминал жоқ. Сондықтан да вагонмен келген астықты бірден кемеге тиейді екен. Компания осыған дейін мұндай әдіспен 155 мың тонна дәннің теңізбен ел асуына септік еткен. Теңіз тасымалынан бөлек, биылғы бидайдың біраз бөлігі Болашақ станциясы арқылы шетелге теміржолмен де тікелей тасымалдануда. Былтыр тамыздан есептегенде төрт айда осы жолмен Түркіменстанға 508 вагон, 34 544 тонна астық өтсе, осы жылы ол 1290 вагон, 87 720 тоннаға жеткен.

– Болашақ станциясында астық тасымалы тамыздан келесі жылдың қаңтар, ақпан айларына дейін жалғасады. Одан кейін сирейді, анда-санда бір-екі вагон келіп тұрады. Бүгінде өткен жылға қарағанда жоғары көрсеткіш байқалуда. Шекаралық станция арқылы жөнелтіліп жатқан астықтың басым бөлігі Смирнова, Белес, Қызылту, Сарыбел станцияларынан жүктелген. Яғни, негізінен еліміздің солтүстігінен жіберілуде. Олар біз арқылы Түркіменстанның Серхетабад, әрі қарай Ауғанстанға кетіп жатыр. Сондай-ақ, Түркіменстанның Гыпчак, Авадандепе станцияларына да жеткізілуде. Бидайдан бөлек оның өнімі – ұн да тасымалданып, бұл көрсеткіш те артып келеді. Көрші елге қаңтардан бергі он айда 3291 вагон ұн өткіздік, – дейді Болашақ станциясының басшысы Мақсат Нұрбеков.

Станция басшысының мәліметінше, бүгінде Болашақтан орта есеппен тәулігіне 10 тоннадай жүк өтеді. Жалпы, станция биылғы он ай ішінде Түркіменстанға 878 636 тонна жүк жіберген. Кері бағытта 130 184 тонна жүк қабылдаған.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды