Контейнерлік тасымалға кедергі не?

Жүк тасымалы
07.10.2022, 10:04
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сыртқы істер министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қытайдағы Қазақстан елшілігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП және отандық бизнес саласы өкілдерінің қатысуымен Қытайдан және Қытай арқылы контейнерлік жүктерді тасымалдау мәселесіне қатысты zoom-платформасында онлайн-жиын өтті.

Жиынның мақсаты Қытай тарапында үш-төрт ай тұрып қалған Қазақстанға бағытталған контейнерлік жүк вагондарын өткізу мәселесін және оны оңтайлы шешудің жолдарын бірлесіп қарастыру болды. Жиынға қатысқан отандық кәсіпкерлердің бірі жүк тиелген контейнерлері Қытайда маусым айынан бері тұрғанын айтып шағымданса, екіншілері тауарлардың жарамдылық мерзімі өтіп жатқанын немесе қажетті дүниелердің уақытылы келмеуінен өндіріс процесі тоқтап тұрғанын және бұл жұмысшыларға жалақы төлеуге кедергі келтіріп, еңбек дауы туындауына себепші болып отырғанын айтады. Бұл мәселеге қатысты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өкілі Нұржан Келбұғанов импорттық жүктерді өткізу жоспары Қытай тарапымен келісілгенін және сол жоспар шеңберінде күніне 14 пойыз Алтынкөл станциясы арқылы және Достық станциясы арқылы да Қытайдан контейнерлік жүк пойыздары қабылданып жатқанын атап өтті. Яғни, Қазақстан тарапынан жүк пойыздарын қабылдауда ешқандай кедергі жоқ, шекаралық екі станцияның инфрақұрылымы барлық пойыздарды өткізуге қабілетті екенін жеткізді.  

– Қытай аумағында пойыздар қалай құрастырылып жатқанынан, қанша вагон және қайда тұрғанынан хабарымыз жоқ. Біздің ақпараттық жүйеміз біріздендірілмеген. Ертеректе пойыздарды тізім бойынша жөнелтіп-қабылдау механизмі болды, біз оған қатыстық және ол тиімді болатын. Яғни, Қытай тарапы Сыртқы істер министрлігі арқылы тізімді алғандарын мақұлдады, тізім арқылы пойызды жөнелту басымдыққа ие екенін де айтты, бірақ, екі-үш тізімнен соң қытай тарапы тізім бойынша жөнелтуде сыбайлас жемқорлық элементтері байқалғанын айтып, әрі қарай тізіммен пойыздарды құрастырудан бас тартты, – деді Нұржан Келбұғанов.  

Жиында Қытай тарапының бірінші кезекте, өз елінің мүддесін алға қойып, экспорттық тасымалға басымдық беретіні, содан кейін барып қана Кореядан, Жапониядан келетін транзиттік пойыздарды өткізетіні де сөз болмай қалмады. Бұған қатысты KTZ Express өкілі Мерхан Жұмабеков те пікір білдірді.  

«Отандық кәсіпкерлер әртүрлі логистерге тапсырыс беріп, нәтижесінде олардың жауапсыздығынан жағдай осылай ушығып отыр. Бұл мәселені шешудің тиімді жолы ретінде ұсынысым: тауарлары Қытайда ұзақ тұрып қалған отандық бизнес өкілдері өз контейнерлеріне қатысты тізім жасақтап, оны ИИДМ-не ұсыну керек. Бұл құзырлы орган әрі қарай мәселені Үкіметке жеткізу керек. Яғни, бұл мәселе Қазақстан мен Қытайдың үкіметтері деңгейінде ғана шешіледі, – деді.  

Жиын соңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнес өкілдерінің арыз-шағымдарын және контейнерлер тізімін жасап, тиісті құзырлы органдарға шығып, мәселені үкіметтік деңгейге шығаруға уағдаласты. Ал ҚТЖ контейнерлік жүктерді қабылдап алып, діттеген жеріне жеткізуге мүдделі екендерін жеткізді.  

 

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді