Ресей арқылы өтетін Қазақстанның экспорттық тасымалы 4%-ға өскен

Жүк тасымалы
24.01.2023, 09:25
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанның экспорттық жүк тасымалының 70 пайызға жуығы Ресей темір жолдары арқылы жүзеге асуда. Яғни Ресей үшінші елдерге жүк тасымалдаудың негізгі бағыты болып отыр. Аталған бағыт бойынша экспорттық жүкті тасымалдауда өсім 4 пайызды құраған.  

Ресей арқылы Қазақстаннан экспорттық тасымал Швейцария, Түркия, БАӘ, Польша, Кипрға артса, Украинаға керісінше тоқтаған. Жалпы, өткен жылы Ресей аумағы арқылы теміржол көлігімен көмір, мұнай өнімдері, бидай, астық экспорты ұлғайып, қара металл, химиялық жүк, түсті металдар мен тыңайтқыштар тасымалы кеміген.  

Есесіне, Ресей арқылы үшінші елдерден Қазақстанға импорттық тасымал көлемі 5 пайызға өскен. Бұл өсімге түсті кен, қара металл, мұнай өнімдері, қант өнімі, ағаш бұйымдарының көптеп келуі әсер еткен.  

Мамандар былтыр Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы да экспорттық жүк тасымалы көлемінің 2021 жылға қарағанда, 6,6 есе өскенін айтады. Әсіресе қара және түсті металдар, химиялық жүктердің сыртқа шығарылуы жоғарылаған. Ал ТХКБ бағдары бойынша импорттық тасымалдарға келсек, бұл бағытта да оң динамика сақталып, өсім 83% құраған. Бұл арада химиялық жүктер, мұнай өнімдері, қара металдар, азықтүлік жүктеріне қатысты жеткізілімнің өскені белгілі болған. Сонымен қатар 2022 жылы отандық экспорттаушылар Қазақстанның Болашақ станциясы арқылы өтетін «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытын белсенді пайдалана бастаған. Нәтижесінде былтыр Болашақ шекаралық өткелі арқылы Қазақстаннан Иранға экспорт 8,5 есе өскен.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды