Батыс филиалында алты айда 9,6 млн тонна жүк тиелді

Жүк тасымалы
25.07.2023, 10:07
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Батыс» филиалында биылғы алғашқы жартыжылдық айтарлықтай нәтижелі қортытындыланды. Өткен алты айда 9 млн 652 мың тонна жүк тиеліп, жоспар 16,3% артығымен орындалып отыр.

Батыс филиалының директоры Бөріхан Беркімбаевтың мәліметінше, алты айдағы пайдалану көрсеткіштері бойынша жүк тиеу жоспары артқан. Жоспар бойынша 8 млн 299 мың тонна жүк тасымалдау қажет болса, тиелген жүк 9 млн 652 мың тоннаны құраған. Оның ішінде тек Ақтөбе өңірі бойынша жүк тиеу жоспары 15,8% өсу мүмкіндігіне қол жеткізілген.  

«Еліміздегі негізгі жүк тасымалы теміржол арқылы жүзеге асырылатыны жасырын емес. Вагон және контейнер арқылы тасымалдау көмір мен астық секілді әлеуметттік маусымдық жүктен бастап халық тұтынатын тауарлар мен ауыл шаруашылдығы өнімдерінің барлық түріне тиесілі. Республика көлемінде ғана емес, теміржол тасымалының әлемдік нарыққа қызмет көрсетуі жолға қойылған. Оған Қазақстанның қос құрлықтың ортасында аса қолайлы да тиімді орналасуының да маңызы зор. Ал батыс өңіріне келсек, жүк ағыны жылдан жылға артуда. Бүгінгі күні әсіресе, ел аумағындағы автожолдарды жөндеу жұмыстарына пайдаланатын құрылыс материалдарының теміржол арқылы тасымалдануы бізге аса тиімді болып отыр. Батыс аймағы бойынша республикалық маңызы бар автожолдар құрылысы мен жөндеу жұмыстарына қажетті құрылыс жүктерінің 133,9% немесе 1 млн 095 мың 500 тоннаға өсуі – жүк тиеу жоспарын асыра орындауға қол жеткізді. Бір ғана Орал аймағы бойынша жүк тиеу көрсеткіші 20,3% асыра орындалды», – деді Бөріхан Беркімбаев.  

Республикалық маңызы бар автожолдар қажеттілігі үшін «қиыршық тас» тасымалдауға «Қазтеміртранс» меншігіндегі барлығы 28 маршрут 1 183 жартылай вагондар қолданылған. Сондай-ақ, 224 ашық вагон Жәнібек, Сайхин бағытында жұмылдырылған.  

Республикалық маңызы бар автожолдар құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдарға 6 айда 24 384 вагонға тиеліп 1 млн 670 мың 353 тонна жүк жөнелтілген. Өткен 6 ай ішінде: Батыс Қазақстан облысына – 3 356 вагонмен 230 248 тонна жүк, Атырау облысына 230 вагонмен 15 985 тонна жүк, Ақтөбе облысына 197 вагонмен 13 691 тонна жүк жөнелтілген.  

Алты айда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де өсу динамикасы байқалады. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу өткен жылға қарағанда 3 оқиғаға азайды. Сондай-ақ вагондарды бекіту нормаларын қадағалау, сөйлесу кезіндегі регламентті сақтау, инструкторлы-бақылау сапарлары, станса ТРА-сы мен технологиялық процестерге сәйкес пойыздарды өңдеудегі өңірлік және желілік басшылар деңгейінің сапасын көтерумен қатар поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар әзірленді.  

Өндірістік қауіпсіздік те қатаң бақылауда. Еңбек ету кезінде жазатайым оқиғаларға жол бермеу, өндірістік жарақаттар мен бұзушылықтарды азайту, жалпы өндірістік қауіпсіздікті күшейту, алдын алу іс-шараларына басымдық беру бастамалар бүгінде өз жемісін беруде. Бастамалар демекші, өндірісті жоспарлауға қатысты Батыс филиалының жыл басындағы батыл бастамалары туралы да айтып өткен жөн болар. Атап айтқанда, жүк операцияларының тиімділігі мен сапасын арттыру, ҚТТ вагондарынын пайдалану аясын кеңейту, клиентке бағдарлану саясатын жүргізу арқылы жүк тасымалдаушылар қатарын арттыру, т.т. бағытындағы батыл бастамалар бүгінгі таңдағы қорытынды көрсеткіште көрініс тауып отыр.

 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?