Әлеуметтік маңызды жүк тасымалдау қорытындысы жарияланды

Жүк тасымалы
22.09.2023, 09:45
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУ
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және «Қазтеміртранс» АҚ басшыларының қатысуымен 2023 жылдың сегіз айында көмір, астық, ұнтақ өнімдері сияқты әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау қорытындысы жарияланған брифинг өтті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Нұржан Келбұғановтың айтуынша, жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7%, яғни 179,1 млрд тонна-километр неттоға дейін өсіп жығылған. 2023 жылдың сегіз айында теміржол көлігімен 69 млн тоннадан астам тас көмір тасымалданып, оның 48 млн тоннасы республика ішіне, ал 20,8 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді.  

Өткен есепті кезеңде ЖЭО-ға 43,1 млн тоннадан астам көмір жеткізілген, бұл былтырғы сегіз ай көрсеткішінен 950 мың тоннаға артық болып отыр. Коммуналдық-тұрмыстық көмір 4,8 млн тоннадан астам тасымалданды, бұл 2022 жылғы көрсеткішке сәйкес келуде.  

2023 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЭО қоймаларында 4,8 млн тоннадан астам көмір қоры бар екен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% жоғары. 29 ЖЭО мен МАЭС-тің 16-сында Энергетика министрлігінде белгіленген қор нормалары 2 есе және одан да көп екен. Жыл соңына дейін ай сайын 9,5 млн тонна көмірді тасымалдау көзделіп отыр. Ағымдағы жылы барлығы 106 млн тоннадан астам көмірді теміржол көлігімен тасымалдау жоспарланса, оның ішінде қазақстандық тұтынушылар үшін 76 млн тоннасы жеткізілмек екен.  

– Үстіміздегі жылдың қаңтар – тамыз аралығында 7,7 млн тоннадан астам астық тасымалданды, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 45% артық. Республика ішінде 1,3 млн тоннасы тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 6% жоғары. Экспортқа 6,3 млн тоннадан астамы және 1,9 млн тонна ұнтақ өнімдері жөнелтілді, бұл көрсеткіштер өткен жыл деңгейінен жоғары болып отыр, – деді Нұржан Келбұғанов.  

Жыл соңына дейін ай сайын 1 млн тоннадан астам астық темір жол көлігімен тасымалданбақ. Жалпы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 12 млн тонна астық жөнелтілетін болса, соның 10 млн тоннасы сыртқы нарыққа бағытталып отыр. Ал ұнтақ өнімдерін тиеудің болжамды көлемі 3 млн тоннаны құрауда, оның ішінде экспортқа тиелетіні – 2,2 млн тонна.  

– Үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және желінің өткізу, сондай-ақ тасымалдау қабілетін арттыру үшін ҚТЖ бірқатар стратегиялық жобаларды іске асыруда. Солардың бірі Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың салынуы болса, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз, Алматыны айналып өту желілерін салу бойынша іс-шаралар – еліміз үшін де, Компания үшін де аса маңызды жобалар. Үш жыл ішінде ҚТЖ 1200 шақырымнан астам темір жол салуды жоспарлап отыр. Темір жолдың негізгі қарқынды жүк жүктемесі көп учаскелерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өкілі жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қамтамасыз ету үшін ҚТЖ-да жылжымалы құрамдар паркі жаңартылып жатқанын жеткізді.  

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдауға локомотивтер жеткілікті. Мәселен, биылдың өзінде 138 бірлік локомотив сатып алуға қатысты ауқымды шаруа атқарылған. Биыл жоспарланған локомотивтердің 63-і жеткізілген. Жалпы, жылжымалы құрамды 2029 жылға дейін жаңарту стратегиясына сәйкес 300-ге жуық локомотив сатып алынбақ.  

Жиында көмір және астық тасымалына жұмылдырылып отырған вагондар паркіне қатысты «Қазтеміртранс» АҚ бас директорының орынбасары Александр Ширяев баяндады. Ол вагон паркі кезең-кезеңімен жаңартылып жатқанын тілге тиек етті. Жоспарда 2025 жылға дейін 3 мыңға жуық жүк вагонын сатып алу көзделген. 2023 жылдың басынан бастап 8 мыңнан астам вагон жөнделсе, соның 5,7 мың бірлігі ашық вагондар екен. Жыл соңына дейін тағы 4,8 мың вагонды жөндеу қарастырылып отыр, соның ішінде 3,4 мың ашық вагонды жөндеу қамтылмақ. Жалпы қазіргі таңда «Қазтеміртранс» АҚ паркінде барлығы 24,5 мыңнан астам ашық, 6,2 мың жабық вагон және де 2 мыңнан астам астық тасығыш бар. Жиын соңында Нұржан Келбұғанов Қазақстанда 300-ден астам жеке вагон операторы жұмыс істейтінін, олар өз вагондарын ҚТЖ-ның қатысуынсыз шарт негізінде жүк жөнелтушілерге жалға беріп отырғанын атап өтті. Демек, барлық келісілген тасымалдау жоспарларын орындау үшін вагон паркі жеткілікті. Тіпті, бүгінде елімізде астық тасымалдаушылар паркінің артық болуы байқалып отыр.  

– Компания тұрақты негізде жүк жөнелтушілермен жұмыстағы жоспарланған өзгерістер туралы алдын ала хабардар ете отырып, белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мүдделі мемлекеттік органдарды шақыра отырып, жүк жөнелтушілермен, салалық қауымдастықтармен, астықшылармен, экспорттаушылармен, көмір разрездерімен бірлесіп тұрақты кеңестер өткізіліп тұрады. Әлеуметтік жүк тасымалын өңірлердегі жол бөлімшелері қатаң қадағалауға алынған. Сондықтан аталған жүк тасымалы қарқын алған қауырт шақта да ешқандай мәселе туындамауы керек, – деп сөзін түйіндеген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өкілі, брифингке қатысушы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл