ҚТЖ өткен жылыту маусымында 70 млн тоннадан астам көмір тасымалдады

Жүк тасымалы
05.06.2025, 14:43

2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы сәуірге дейін ҚТЖ желісі бойынша 71,7 млн тоннадан астам көмір тасымалданды, оның ішінде 64,7 млн тоннасы — жылу электр станцияларына, 7 млн тоннадан астамы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге жөнелтілді. Жүк жөнелтушілердің барлық өтінімдері толық көлемде орындалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл туралы ҚТЖ — «Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы» филиалы директорының орынбасары Ғани Есенбаев Қазақстан көмір өнеркәсібінің VI форумында мәлімдеді.  

ЖЭО, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің тұрақты жұмысы мен тұрғындарды  жылумен жабдықтаумен байланысты қатты отынды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету Компанияның басты басымдығы болып қала береді.  

2025 жылғы мамырдан 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге белсенді дайындық басталды. 60 астам маманды қамтитын көмір тасымалдау бойынша ҚТЖ жедел штабы жұмысын жалғастыруда. Штаб тәулік бойы тиеу мониторингін жүргізеді, бос вагондардың берілуін реттейді және көмір өндіруші кәсіпорындармен логистиканы үйлестіреді.

Маршруттық және тораптық жөнелтілімдерді қалыптастыруға ерекше назар аударылады, бұл вагондардың айналымын жеделдетуге, жеткізу мерзімдерін оңтайландыруға және өткізу қабілеті шектеулі учаскелерде жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ҚТЖ операциясына 28 мыңға жуық вагон жұмылдырылды, оның ішінде 20 мың жартылай вагон күзгі-қысқы кезеңде айналымға қосылады. Парк көмір тасымалының болжамды көлемін жабуға мүмкіндік береді.  

Жаппай тиеу және түсіру көлемі бар учаскелерде теміржол инфрақұрылымына жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  

ҚТЖ жүк жөнелтушілерді, жүк алушыларды және жергілікті атқарушы органдарды күз-қыс айларында ең жоғары жүктемелерді болдырмау үшін жыл бойы тиеу көлемін біркелкі бөлуге шақырады.  

 

Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз