Тариф өсімі: кімге тиімді, кімге тиімсіз?

Жүк тасымалы
25.07.2025, 09:33
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Соңғы төрт жылда реттелетін теміржол тарифі, яғни магистральдық желі және локомотивтің тартымдық қызметтеріне 2 есе шамасында өсті. Тек 2023 жылы олар үш рет көтерілсе, ал өткен жылы 5 рет өскен. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап магистральдық теміржол желісінің (МТЖ) қызметтеріне тариф тағы 3%-ға ұлғайтылды.

Бұдан басқа, 7 наурыздан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ экспорттық қатынаста вагондарда жүктерді тасымалдауға және оларды импорттық қатынаста бос қайтаруға жекелеген жүк жөнелтушілерге қатысты 3,0-ге дейінгі мөлшерде ең жоғары баға шегін қолдануда, бұл нарық қатысушыларының пікірінше, МТЖ қызметтеріне тарифтердің үш еселенген деңгейіне сәйкес келеді.  

Ұлттық компания МТЖ қызметтеріне тарифтерді орта есеппен 48%-ға арттыруға өтінім жолдады. Бұл ретте жаппай жүктерді (көмір, астық, кен) тасымалдауға тарифтердің өсуі 66%-ды, ал вагондардың бос жүруі 95% құрайды. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2025 жылғы 10 сәуірден бастап локомотивтің тартымдық қызметтеріне тарифтерді 35%-ға арттыру бойынша өтінім берді.  

Алайда, нарық қатысушылары мұнымен келіспеуде, олар экспорттық теміржол тасымалы тарифтерінің күрт өсуі экономиканың барлық салаларын тоқтап қалу қаупіне ұшыратты деп мәлімдеді. Айта кететін жайт, «ҚТЖ» ҰК» АҚ МТЖ қызметтеріне үш есе арттыру коэффициентін енгізгеннен кейін көп ұзамай астық пен ұнды тасымалдауға қатысты оның күшін жойды. Соған қарамастан компаниядағылардың айтуынша, бүгінде әлеуметтік маңызы бар жүктерге олардың өзіндік құнынан төмен тарифтер белгіленіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ олар бойынша тікелей шығынға ұшырап отыр. Осы ретте бұл тасымалдар жүк айналымының 70% шамасын құрайды және оларға компания тарапынан жанама субсидиялау жүзеге асырылуда.  

Тарифтердің өсуі – мәжбүрлі шара, бұл – көптеген жылдар бойы қолданылып келген баға шектері механизмінің жойылуының нәтижесі. Инфляция және инфрақұрылымды ұстау құнының өсуі жағдайында неғұрлым нарықтық тәсілге көшу қажет. Дегенмен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ келісімге келуге дайын екендігін көрсетуде. Компания 8 маусымнан бастап бұрынғы тарифтік модельдің күші жойылатынын мәлімдеді. Егер тиісті шешім Республика Үкіметі деңгейінде қабылданса, тарифтерді мерзімінен бұрын төмендетуге болады. Сонымен қатар егер тарифтер өткен күнмен кері саналса, 19 мамырдан бастап артық төлемдердің өтемақысы қарастырылған. Мамыр айының ортасында ел Үкіметі жанындағы Мемлекеттік комиссия бұрынғы тарифтеу жүйесіне оралып, баға шектерінің тетігін жою туралы шешім қабылдады. Алайда, нарық қатысушыларының пікірінше, тәжірибеде әлі ешқандай өзгерістер болмаған, сол бұрынғы тарифтер қолданылуда. Соңғы сөз Ұлттық экономика министрлігінде; 19 мамырдағы шешім күшіне енді ме және экспорттық бағыттар бойынша тарифтеу қандай түрде қолданылуы тиіс, ресми түсініктеменің берілуі күтілуде.  

Ал теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметтеріне тарифтерді көтеру қажеттілігіне негізгі себептер, еңбекақы төлеу шығындарының өсуі, электр энергиясы, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту қажеттілігі, ЖЖМ бағасының өсуі, локомотивтер мен вагондарға техникалық және сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ инфрақұрылымды кеңейтуге және жылжымалы құрамды сатып алуға бағытталған инвестициялар болып отыр.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті