Каспий теңізі: үміт пен күдік

Жүк тасымалы
31.03.2026, 09:23
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстанның бірден бір теңіз сауда жолы саналатын Каспий теңізі арқылы жүк тасымалы жылдан жылға өсіп жатқаны әрине жақсы нәтиже. Дегенмен, соңғы жылдары тасымал көлемін арттыруға кедергі болып отырған бірқатар проблемалар да жоқ емес. Соның бірі – теңіз тартылып, су деңгейінің төмендеуі.

Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары 20 жылда Каспий теңізі 2,3 метрге төмендегенін көрсетеді. Бұл әрине теңіз сауда қатынасына да әсерін тигізбей қоймайды. Ауыр салмақты кемелердің түбі құмға тиіп, отырып қалу қаупі бар. Сондықтан Ақтау портынан шыққан кемелердің жүктемелері тек 50 пайыз толтырылған жағдайлар аз емес көрінеді. Себебі кеменің салмағы артып, теңіз деңгейі төмендеген сайын үлкен габаритті кемелердің өтуіне тосқауыл болады. Жуырда «Қазақстан» телеарнасында теңіз айлағының осы және басқа да мәселелерін сөз еткен арнайы хабар көрсетілді. Ақтау порты – елдегі ең ірі теңіз сауда айлағы. Тоғыз жолдың торабында орналасқан стратегиялық нысан халықаралық көлік-логистика жүйесінде айрықша маңызға ие. Порт Азия мен Еуропаның арасын жалғайды. Транскаспий көлік бағытының негізгі тізбегінің бірі. Транскаспий дәлізі арқылы Қытайдан шыққан тауар теміржол арқылы Қазақстанға жетеді. Одан әрі Әзербайжан, Грузия, Түркия асып, жүк Еуропаға 15-18 күнде жетеді. Соңғы 10 жылда көрсеткішті сараласақ, тауар тасымалы 7 есе өскен. Мәселен, тек осы дәліз арқылы 2017-2025 жылдары 15,2 млн тонна тауар тасымалданған. Оның 9,3 млн-ы соңғы екі жылға тиесілі.  

– 2025 жылдың қорытындысы бойынша ТХКБ арқылы 4 миллион тоннадан астам жүк тасымалданды. Қазақстан экспорты жалпы көлемнің негізгі бөлігін құрайды. 2025 жылы 2,8 миллион тонна жүк экспортталды. Бұл шамамен 68 пайыз. Порт арқылы отандық тауарлар өзге де бағыттарға экспортталды, – дейді «KTZ Express» АҚ компаниясының Логистика департаментінің директоры Дина Бейсебай.  

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ коммерциялық жұмыс бөлімінің бастығы Әнуар Немышевтің айтуынша, порт жылына 12 млн тонна жүк тасымалдауға қауқарлы. 2024 жылы жеткізілген жүк көлемі 5 млн тонна, 2023 жылы 4,5 млн тонна болды. Жүктің негізгі бөлігі – мұнай және мұнай өнімдері. Олар Қазақстан аумағынан Ресейдің Махачкала портына және Әзербайжанның Сангачал портына экспортталады. Астық өнімдері Иранның солтүстік порттарына жөнелтіледі. Металл өнімдері Транскаспий дәлізі арқылы Баку портына жеткізіледі.  

Ақтау және Құрық порттары Транскаспий дәлізінің негізгі бөлігі болып саналады. Былтыр бұл аумақтан 2 млн тонна жүк жөнелтілген. Экономистердің есебінше, Орта дәлізден Қазақстан жылына 400-500 млн-дай табыс тауып отыр. Болашақта оны 600-700 млн-ға жеткізу көзделген. Қазақстан арқылы тасымалданатын тауарлардың дені – тау-кен, металлургия, дәнді-дақылдар және мұнай өнімдері. Ал транзит арқылы 400-ден астам тауар түрі жөнелтіледі. Басым бөлігі – автомобильдер, қосалқы бөлшектер, электронды құрылғылар және киім мен тоқыма.  

ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов қазір Каспий арқылы бұрынғыдан аз жүк тиеліп жатқанын атап өтті. Теңіз түбін тереңдеткеннен кейін мәселе шешімін тауып, жүк қалыпты режимде тасымалдана бастайтынын жеткізді. Ал мәселені шешудің бір жолы – теңіздің таяз бөлігін қазып тереңдету және көтергіш-өтпелі көпірлерді жөндеу. Құрық портында мұндай жұмыстар аяқталып, бүгінде Ақтау портында осы жұмыстар жүріп жатыр. Былтыр Қазақстан, Әзербайжан, Грузия тарапы Алтынкөл, Ақтау, Баку, Поти, Батуми және Ахалкалаки аумағын зерттеп, порттарды дамыту, теңіз түбін тереңдету жөнінде ортақ жоспар әзірлеген. Алты ай бұрын Каспийді зерттейтін қазақ ғылыми институты құрылып, 50 шақты маман зерттеуге кіріскен. Алайда, су айдынын сақтау үшін бес елдің бірге қимылдағаны маңызды. Тақырып биыл елімізде өтетін экологиялық саммитте де талқыланады деп күтілуде.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады