Шу машиналандырылған жол дистанциясы сапалы техникалармен қамтылған

Инфрақұрылым
27.09.2022, 10:52
Оқуға 3 мин
Суреттерді түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Шу машиналандырылған жол дистанциясы – аймақтағы ең ірі теміржол мекемелерінің бірі. 2006 жылы құрылған дистанцияда темір жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізетін өнімділігі жоғары жол техникаларының барлық түрі бар.

 Бүгінде дистанцияда 63 жол машинасы жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 29 техника австриялық, 14 машина – француздың «Жейсмар» кампаниясының өнімі, 20 техника Ресейден алынған. Қазіргі кезде бес өндірістік телімге бөлінген дистанциядағы қызметкерлер саны 435 адамды құрайды.  

Машиналандырылған дистанциядағы бай техникалық базаның арқасында темір жол телімдеріндегі бұрын қолмен атқарылып келген жұмыстар жеңілдетілген, ВПР, ПРБ, ЩОМ секілді күрделі жол машиналарымен жасалған орташа және күрделі жөндеу жұмыстарынан соң жол сапасы анағұрлым жақсара түседі. Техника жұмыс тиімділігін де арттырып, ол өз кезегінде үнемге әсер етеді.  

Шу машиналандырылған жол дистанциясының директоры Пернебек Өткелбаевтың айтуынша, жол машиналарында Австрияның Линц қаласында орналасқан «PLASSER-THEURER» заводында оқып келген білікті мамандар жұмыс істейді. Ресейден жеткізілген техникаларды игеру үшін де арнайы курстарда білім алған.  

– Шет мемлекеттермен қатар, жұмысшыларымыз өз еліміздегі біліктілікті арттыру орталықтарында тұрақты білімдерін көтереді. Сонымен қатар, өз арамыздағы тәжірибелі мамандар мектебі де осал емес. Машинист-нұсқаушы Ілес Сапаков, оқыту шебері Мәди Серіков, RM 80 №405 жол машинасының бастығы Ян Тодавянский сынды майталман мамандар жастарды үйретуден, жұмысқа баулудан ешқашан бас тартқан емес, – дейді дистанция директоры.  

Дистанцияның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Ерлан Сайлауов жол техникаларының жұмысы туралы сағаттап айтуға бар.  

– РМ техникасы жол жөндеу жұмысын бастауға негіз салып, жол асты шағыл тастарын тазалап қайта төсесе, МФС машиналары ластанған тастарды шығарып тастайды. Ал «ДУОМАТ» техникасы төселген жолдың астына қиыршық тасты өлшемге сай етіп енгізеді, белгілі салмақпен көтермелей ұрып нығыздайды және рельс үстінен өтетін ауыр салмақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. ДГС техникасы жолдың жинақылығын қалпына келтіріп шықса, ең соңынан ПБР жол көлігі қорытынды тазалау жұмыстарын жүргізеді.Орташа жөндеу жұмысында тиісті көлемде шпал салынады, жол шегелері қағылады, сынған төсемдері ауыстырылады. Жаңа қиыршық тас төселіп, ары қарай жолды көтермелей ұру жұмыстарымен жалғасады. Бұл жұмыстан кейін де жоғарыда аталған техникалар көмекке келеді. Осылайша, жол машиналарының жұмысы нәтижесінде пойыздардың жылдамдығын сағатына 110-140 шақырымға көтеру мүмкін болып отыр, – дейді Ерлан Сайлауов.  

Бірнеше рет «Салалық жарыстың жеңімпазы» атағын алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Шу машиналандырылған жол дистанциясы биылғы жылды да табысты қорытындылайтындарына сенімді. Ала жаздай тынымсыз істеген техникалар жұмысы күзде тіпті де үдей түскен, тек қыс айларында аз-кем үзіліс болатын көрінеді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды