Жолдарды жаңғырту – жауапты мәселе

Инфрақұрылым
26.11.2024, 09:01
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол инфрақұрылымын талапқа сай күтіп ұстап, тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыру – олардың қауіпсіз қызметін қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіш. Жақында «Магистраль» сарапшылар форумы алаңында теміржол саласының мамандары  «Жолдарды жаңғырту: мәселелері, әлеуеті және болашағы» деген тақырыпта талқылау өткізді.    

Талқылауға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының Жол және құрылыс департаментінің бас менеджері Назар Шамшиденов, дирекцияның Техникалық департаментінің директоры Анатолий Әбдірахманов, тағы басқалар қатысты. Олар Қазақстандағы жол инфрақұрылымын жаңғырту бірқатар маңызды стратегиялық мәселелерді шешу үшін қажет екенін ортаға салды. Атап айтқанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жолдардың өткізу қабілетін арттыру, жүк құрамдарының жолдағы жүретін уақытын қысқарту, бәсекеге қабілеттілікті күшейту, экономиканы ынталандыру, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, т.т. мәселелерді шешуге септік ететіні сөз болды.  

– 2024 жылы жазғы жол жұмыстарын орындағаннан кейін жолаушылар пойызының жылдамдығын 362,3 км-ге, жүк пойыздарының жылдамдығын 215,4 км-ге, контейнерлік пойыздар жылдамдығын 268,5 км-ге арттыру мүмкін болды. 2023-2028 жылдары ел теміржолында ұзындығы 11 мың км жолға жөндеу жүргізу жоспарланған. Биыл жылдың соңына дейін соның ішінде осы жылға жоспарланған 1400 км жол бойынша жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар бағыттама бұрмаларын да ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, – деп мәлімет келтірді Назар Шамшиденов.  

Сонымен қатар ол жол жөндеудің жаңа әдістері туралы да баяндады. Пойыздардың кешігуіне де осы жөндеу жұмыстары себеп болатынын жасырмады. Ал жөндеу жұмыстары қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды болғандықтан кейбір қолайсыздықтарға қарамастан теміржолшылар оны кестеге сай жүргізуге мүдделі. Сондай-ақ ол пойыздардың кестеден кешігуіне жолға шығып кететін бақылаусыз қалған мал да үлкен «үлес» қосып отырғанын алға тартты. Бұл ретте ол жолшылар тарапынан профилактикалық шаралар, түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп жатқанын, бірақ оның нәтижесі аз екенін айтты. Оған қоса адамдардың белгіленбеген жерден өтуі, өткелдерде көлік жүргізушілерінің рұқсат етілмесе де жолдан өтуге ұмтылуы, т.т. факторлар машинистердің оқыс тежеу жасауына әкеліп, бәрі айналып келгенде қозғалыс жылдамдығына кері әсер ететінін мәлімдеді.  

Ал Анатолий Әбдірахманов қазір теміржолда қысқы маусымда жұмыс істеуге қызу дайындық жүріп жатқанын айтты. Ал жұмыс жоспары қыс түспес бұрын жасалып қойған.    

 – Басты мақсат – теміржолды отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету, қысқы жұмыс киімдерін түгендеу, ғимараттар мен мекемелерді жөндеп, тазалап, дайындау, алғашқы қыстаушыларды қыста жұмыс істеуге оқыту. Бұл жұмыстардың бәрі жылдағыдай өзінің жүйесімен, жоспарлы түрде атқарылды, – дейді А.Әбдірахманов.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды