Инфрақұрылымды жаңғырту – уақыт талабы

Инфрақұрылым
09.09.2025, 08:42
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2023-2029 жылдар аралығында 11 мың шақырым теміржол учаскесін жөндеу көзделіп отыр. Соның 1480 шақырым жолына биыл жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы заманауи және ресурстарды үнемдейтін технологияларға, жоғары өнімділікке ие жабдықтар мен конструкциялардың, атап айтқанда желім болты және теңестіру түйіспелері, түйіспелерді алюминий термитті дәнекерлеу, айқастырмаларды балқыту сияқты тағы басқа жаңа түрлеріне көшуге басымдық беріп отыр. Дирекция мамандары алға қойып отырған негізгі міндеттер қатарында халық көп тұратын аудандарда жол бойына қоршау орната отырып, адамдардың пойызға басылып қалуы оқиғаларын мейлінше төмендету екенін айтады. Осы мақсатта Манкент – Қызылсай, Игілік – Қорғасын, Орал – Жилаево, Алматы-1 – Алматы-2 телімдерін қоршау көзделген. Бүгінде жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асатын үш жол аралығы мен 26 станция қоршалған.  

Болат жолдың бабын тауып, күтімін жасау да дирекцияның жол шаруашылығы мамандарына жүктелген жауапты міндет. Міне, осы міндетті тиісті мекемелер өз үдесінде орындап келеді. Оған биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жол жағдайы жоспарының 107% орындалып, «жақсы» деп бағалануы дәлел. Осы ретте бірінші кезекте жөндеу жұмыстары жол жөнделімін қажет ететін жүк жүктемесі жоғары телімдерде жүргізіліп жатса, екіншіден, рельстердің тозуы жоғарылаған жолдың қисық учаскелерінде атқарылуда.  

Мамандардың айтуынша, жолды уақытылы жоспарлау және күтіп ұстау шаралары пойыздардың қауіпсіз қозғалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ нысандарды жаңғырту және салу бойынша ұлттық жоспар аясында ірі жобаларды іске асырып, трансқазақстандық теміржол дәлізін дамытуға сүбелі үлес қосуда.

Атап айтқанда, бұл жобалар – Достық – Мойынты теліміндегі екінші жолдар құрылысы, Алматы станциясы теміржол торабын айналып өтетін теміржол желісі, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз темір жолдары құрылысы. Бұдан бөлек, биыл Мойынты – Қызылжар теміржол желісінің құрылысы басталып, Бейнеу – Маңғыстау, Алтынкөл – Жетіген телімдерін жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар Қызылжар – Сексеуіл, Қандыағаш – Тобыл, Никельтау – Әлімбет, Ақсу-1 – Дегелең – Жаңа-Семей, Шалқар – Бейнеу телімдеріне автоблоктау енгізілмек.  

Дирекцияда теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында жолдың жай-күйін тәулік сайын бақылауды және анықталған ауытқуларды уақытылы жою үшін кешенді шаралар қабылданған. Осы ретте, жол шаруашылығы мамандары, жолдың жай-күйін бақылаудың тиімді әдістерінің бірі ретінде мобильді диагностикалық кешендерді (МДК) қолдану екенін айтып отыр. Өйткені бұл кешендердің нәтижелері әлсіз жерлерді анықтауға және дер кезінде шаралар қабылдауға, сонымен қатар жөндеудің бірінші кезектегі және жоспарлы түрлерін түзетуге және қалыптастыруға мүмкіндік береді екен. Ал жазғы жол жұмыстарының сапалы орындалуы өз кезегінде пойыздардың қозғалыс жылдамдығын арттыруға ықпал етері анық.  

Мәселен, өткен жылы атқарылған шаруалар нәтижесінде жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығын 605 шақырымда, ал жүк және контейнерлік пойыздардың жүріс шапшаңдығын 405 шақырымда ұлғайту мүмкін болды. Биылдың өзінде жолаушылар пойыздарының жылдамдығын 142 шақырымда көтеруге қол жеткізілді. Бұл жұмыстар жалғасын таппақ. Осы арада, теміржолшылар телімдердің өткізу қабілетін арттыру, сондай-ақ еліміздің транзиттік әлеуетін дамытумен қатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыра отырып, оның қатарында 2029 жылға дейін 200 станция мен жекелеген пункттерді жетілдіруді жоспарлап отыр. Оның ішінде биыл 21 станцияны дамыту жұмыстары қолға алынған.

Магистральдық желі дирекциясы алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Олардың алғашқысы, екі деңгейлі контейнерлік пойыздардың жүруін ұйымдастыра отырып, трансқазақстандық теміржол дәлізі мегажобасын іске асыру шеңберінде іс-шараларды орындау болса, инфрақұрылым объектілерін ақылды локомотив, дрондар, скутерлер, қарда жүретін көліктер сияқты басқа да техникалар мен технологияларды қолдана отырып қарау бойынша жаңа тәсілдерді енгізу. Сонымен қатар солтүстік және батыс өңірлерде мамандандырылған көпір жасағын көшірудің екінші кезеңін іске асыру; арнайы жылжымалы құрамды жөндеу нормативтерін қайта қарау; материалдық базаларды тиімді басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және енгізу жоспарланып отыр.  

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты