ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖЫЛ

Инфрақұрылым
29.12.2018, 14:12

Жаһандық инфрақұрылымдық интеграцияға енуді басты бағыт етіп алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін маңызды оқиғаларға толы тағы бір жыл қорытындыланғалы отыр. Еліміздің экспорттық және транзиттік әлеуетін жылдан жылға арттыруды басты мақсат етіп отырған ұлттық компания үшін ұзатылғалы отырған жыл оңай өткен жоқ. Экономикалық өсім мен табыс та бар, өндірісте түрлі қиындықтар мен кедергілер де орын алмай қоймады... 

Биылғы жылдың ең басты оқиғасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының ауысуы дер едік. Ұзақ жылдар бүгінгі премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин басқарған, соңғы бірнеше жыл Қанат Алпысбаев жетекшілік еткен Ұлттық компания басына кәнігі саясаткер, білікті қаржыгер Сауат Мыңбаевтың келуі қордаланған қарыздарды жауып, кірістерді еселей түседі деуге негіз болады. «Біз қаржылық тұрақтылықты нығайтып, шығындарды оңтайландыра, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өндірістік процестердің тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз», – деді Сауат Мұхаметбайұлы алдағы міндеттер мен мақсаттар жайлы. Бұдан ең басты салмақ қордаланған қарыздарды жабуға түсетіндігін түсінеміз. Ұлттық тасымалдаушының жұмысын ширатуға кедергі келтіріп отырған осы қарыздың көлемі 1,7 триллион теңгені құрайды. Жақын жылдары осы қарыздарды жабуға әрекет жасалатын болады. Тіпті, бұл үшін Үкіметтің қолдауы да қажет екені даусыз. 

Қалыптасып отырған осындай бірқатар қиындықтарға қарамастан, Компанияның 2018 жылдағы жұмысында оң үрдістер қалыптасқандығын көреміз. Нақты айтқанда, жүк тасымалы өткен жылға қарағанда – 6%, ал транзитті контейнерлік пойыздар саны 1,5 есеге өскен. Яғни, табыс та еселене түсті деген сөз. Бұл ретте операциялық кіріс өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16% жоғары болады деп күтілуде. Осының өзінен жүк тасымалдау, транзит көлемін арттыру бағытында Компанияда жылдан жылға оңды өзгерістер орын алып жатқандығын байқаймыз. 

Биылдың өзінде 850 км жолдың күрделі жөндеуден өткенін қаперге алсақ, қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтың 25% төмендеуі соның жемісі деп түсінген жөн. Жалпы бұдан былай жыл сайын 1000 шақырымдық жолды жөндеу қолға алынатыны жағымды жаңалық ретінде қабылдануда. Бұл әсіресе жол күтіміне жауапты жолшылар қауымын ерекше қуантып отыр.

Сондай-ақ, жолаушыларға көрсетілер сервистік қызметті жақсарту мақсатында 2018-2019 жылдары өңірлердегі (Қарағанды, Шымкент, Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдары) бірқатар вокзалдарда жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ағымдағы жыл соңына дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ иелігіндегі 2188 вагонның ескірген 1200-і жаңасына ауыстырылатыны да жолаушылар тасымалындағы жақсы жаңалық болғалы тұр. Ағымдағы жылдың 10 айында 13 миллион жолаушы тасымалданса, жаңа вагондардың келуімен теміржол көлігіне деген сұраныстың арта түсіп, ол өз кезегінде олардың қатарын тағы еселей түсетіні талас тудырмайды. Және де билеттерді интернет арқылы сатып алудың 66%-ке жетуі де үлкен жетістік. Бұл үрдіс ары қарай да жалғасын таба бермек.

Кадр даярлауға да ерекше маңыз беріліп келеді. Компания қызметкерлері Астана, Павлодар, Тараз, Ақтөбе және Қарағандыда орналасқан оқыту орталықтарында дайындықтан өтіп, 70-ке тарта бағдарлама бойынша өз біліктерін шыңдай түсуде. 2019 жылы әлеуметтік жеңілдіктер бюджеті 9 млрд теңгеге жеткені – әлеуметтік жауапкершілік саясатының дұрыс бағытта өрбіп отырғандығының дәлелі.

Сондай-ақ Компания 2018-2021 жылдарға арналған Бизнесті трансформациялау бағдарламасының Жол картасына сәйкес 12 жобаны іске асыруда. Ал 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы темір жол» стратегиясы жүзеге асырылуда.

Жалпы, бір сөзбен айтқанда, Компания 2018 жылы жаман жұмыс істемеген деп қорытынды жасауға әбден болады. Әрине, өндіріс болған соң түрлі жағдайлары болмай тұрмайды, жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуі, жүк вагондарынан тауарлардың ұрлануы сияқты келеңсіздіктер 2019 жылға бет алған алып локомотивтің қозғалысын тұсай алмасы анық.     

Қызғалдақ Жақыпбекова, Астана 

Жаңалықтар
20.02.2026
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Инфрақұрылым
20.02.2026
Бақты-Аягөз желісінің құрылысы талқыланды
Қауіпсіздік
20.02.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Цифрландыру
20.02.2026
Теңіз порттарында электрондық жүйе енгізілмек
Спорт
20.02.2026
Шалқарда теміржолшылар арасында шағын футболдан жарысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
20.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №13 20 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
19.02.2026
KAZLOGISTICS: жыл қорытындысы мен алдағы жоспар талқыланды
Аймақтар
19.02.2026
Теміржолшылардың жанашырлығы. Семей вокзалындағы ерекше оқиға
Жаңалықтар
19.02.2026
Орта дәліздің дамуы Әзірбайжан мен Орталық Азия елдерінің интеграциясын нығайтты
Инфрақұрылым
19.02.2026
Сапалы инфрақұрылым – қауіпсіз қозғалыс кепілі
Аймақтар
19.02.2026
Азаматтық қорғаныс: мұны әркім білуі тиіс
Жолаушылар тасымалы
19.02.2026
ҚТЖ Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар тағайындайды
Жүк тасымалы
18.02.2026
ТХКБ арқылы Бельгияға алғашқы пилоттық экспорт жөнелтілді
Жаңалықтар
18.02.2026
Алматы-1 вокзалының сейсмикалық төзімділігі күшейтілуде
Цифрландыру
18.02.2026
Теміржол саласын цифрландыру қалай жүріп жатыр?
Жүк тасымалы
18.02.2026
FESCO Қазақстан арқылы контейнерлік теміржол тасымалын іске қосты
Қауіпсіздік
18.02.2026
Қызылорда вокзалында адам өмірінің қауіпсіздігі туралы маңызды жиын өтті
Жолаушылар тасымалы
18.02.2026
Шу-Отар бағытында электрпойызы іске қосылады
Жаңалықтар
18.02.2026
«Аягөз–Бақты» теміржол құрылысының жүзеге асырылу барысы талқыланды
Жаңалықтар
17.02.2026
ҚТЖ және ТТЖ ынтымақтастықты дамытады