Мақсат – диспетчерлер жұмысын жетілдіру

Инфрақұрылым
05.02.2019, 12:17

Диспетчер – қозғалыс командирі деп бекер айтылмаса керек. Теміржол көлігі қызметінде бүкіл қозғалысты басқарып отыратын диспетчердің сауаттылығы мен жауапкершілігіне көп нәрсе тәуелді. Егер диспетчер қателікке бой алдырар болса, оның соңы бір-бірімен шынжырдай байланысып жатқан бүкіл жол бойындағы қозғалысқа кері әсерін тигізіп, келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.  

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде диспетчерлік аппарат жұмысын ұйымдастыру бойынша үш айлық басталды. Шара аясында диспетчерлік аппарат үшін стандартты емес және авариялық жағдайларда іс-қимыл тәртібін жасау және пысықтауға қатысты техникалық сабақтар ұйымдастырылмақ. Шараның көздеген мақсаты – диспетчерлер жұмысын жетілдіріп, жағдайы мен сапасын арттыру.  

 «Жүк тасымалы бөлімшесінің жұмысын диспетчерлік аппаратсыз көзге елестету мүмкін емес. Үстіміздегі жылдың 1 ақпаннан басталып, 1 мамырға дейін созылатын үш айлық, диспетчерлік аппараттың біліктілігін және қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталып отыр. Маңғыстау бөлімшесі диспетчерлік басшылық жүйесінде дұрыс қойылған басымдықтар есебінен пойыздар мен вагондар ағынын ілгерілету логистикасын жақсарту бойынша өр мақсаттар қойып отыр», – деп өз ойымен бөліседі филиал директорының бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов.

Оның айтуынша, бүгінде диспетчерлік аппарат ұзындығы 1331 км құрайтын бөлімшедегі қозғалыс жұмысын тиімді басқарып отыр. 59 жекелеген пункттің, 2 теңіз портының жұмысы үздіксіз диспетчерлік бақылауға алынып, көрші Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттерімен мемлекетаралық түйіспелерде және бөлімше аралық түйіспелерде пойыздар алмасу жүзеге асырылуда екен. Сонымен қатар «Қасқор-транссервис» АҚ және Ерсай кемежөндеу зауытының кірме жолдарымен өзара жұмысты қамтамасыз етіп отыр.

  Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің диспетчерлік аппаратының денін жастар құрайды. Олар жылдың төрт мезгілінде, күн-түн демей пойыздардың қалтқысыз қозғалысын қамтамасыз етуге машықтанған. Бүгінде бөлімшенің ең көрнекті нысандарының бірі болып отырған диспетчерлік орталықтың безендірілуі мен жарақтандырылуы да көз тартарлық ерекше. Заманауи ақпараттық стенділер, түрлі логотиптер, пайдалану қызметінің мониторингіне арналған дисплейлер, көмескі және ашық түсті жарықтандыру, тағысын тағылар өздерін «қозғалыс қызметінің командирлеріміз» деп атағанды ұнататын жас қызметкерлердің өз қолдарымен жасалған.

Соңғы бес жылда пойыз диспетчерлерінің штаты толық өзгерген, зейнетке кеткен ардагерлердің орнын жоғары оқу орнын бітіріп келген талабы таудай жастар басқан. Бір диспетчер «Құрметті теміржолшы» белгісімен, екі диспетчер жоғары наградамен, тағы екеуі Компания президентінің атаулы сағатымен марапатталған. Сонымен қатар «Жылдың жас диспетчері» аталымы бойынша дипломымен марапатталған үш жас – ұжымның үміті екен.

«Маңғыстау диспетчерлік орталығы – жас болса да тәжірибесі жоғары ұжым. Өйткені, біздің дистпетчерлер Өзбекстан, Түрікменстан секілді бірнеше шет мемлекеттермен шектесетін тораптық түйісу станциясы бар, Қазақстандағы бірден бір су жолымен де байланысатын ерекше миссияға ие бөлімшеге қызмет көрсетеді. Сондықтан үш айлық шара дистпетчерлік апппараттың жұмысын одан әрі жетілдіріп, тәжірибесін шыңдай түсері анық» дейді Ерлан Бүркітов.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Сондықтан да диспетчер лауазымына маманды таңдау өте қатаң тәртіппен жүргізіледі. Өйткені, бұл қызметке үміткер пойыздар қозғалысын шұғыл басқаруды жүзеге асыру үшін көптеген параметрлерге сәйкес болуы тиіс.

Филиал басшысы Нажимеддин Ғұбашев жетекшілік ететін диспетчерлік аппараттың жұмылған жұмысының арқасында бөлімше былтыр біраз жетістіктер жотасынан көрінді. Мәселен, пайдаланымдағы жүк айналымы 102% орындалып, алдыңғы жылмен салыстырған 8% артық шықты. Былтырғы жүк тиелімі 100% құраса, 2017 жыл көрсеткішінен 16%-ға артық. Пойыздардың учаскелік жылдамдығы артып, жолаушылар пойыздарының келіп-кетуіне қатысты кестесі де жақсарған. Теңіз порттарында да оң динамика байқалуда. Айталық, Құрық портына жүк вагондарын шұғыл жылжытудың арқасында жылына 1,5 млн.тонна бруттодан асатын жүкті өткізген 454 паромдық кеме өңдеуден өтіп, жөнелтілген. Ақтау порты да екі терминалында 27832 вагоннан жүкті түсіріп, 443 кемеге тиеп жөнелтіп, 1,8 млн тоннадан астам астықтың шетел асуына септігін тигізген. Бөлімше басшылығы, бұл көрсеткіштердің барлығы 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге көбейгенін айтады. Ал бұл өз кезегінде бөлімше арқылы транзиттік жүктің ұлғайып, порттармен тонның ішкі бауындай қоян-қолтық жұмыстың жүргізіліп отырғанын айқындай түссе керек.

Былтыр бөлімшеде техникалық шараларға қатысты болсын, логистика саласында болсын ауқымды жұмыстар атқарылды. Магистральдық инфрақұрылым нысандарының техникалық жағдайын жақсарту бағытында да біраз жұмыстың басы қайырылды. Мәселен, 5 жол аралығында 90,3 км көлемінде күрделі жөндеу өтіп, 20 км жолға күшейтілген орта жөндеу жүргізілді. Бес тәуліктік технологиялық «толаскез» бере отырып, Бейнеу станциясындағы «Б» паркінің СОБ құрылғылары іске қосылды» дейді Ерлан Бүркітов.


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл