Күрделі жөндеу көлемі артқан

Инфрақұрылым
20.02.2019, 17:44

Магистральдық желі дирекциясы өткен жылы қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық оқиғаларының жалпы санын біршама төмендетуге қол жеткізген. 2018 жылы алдыңғы 2017 жылға қарағанда былтыр қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірген келеңсіздіктер 33 оқиғаға немесе 26% азайған, соның ішінде адам қағып кету оқиғасы 16 оқиғаға кеміген.   

Бұл жерде атап өтерлігі, сандық көрсеткіштер 5 магистральдық желі бөлімшесінде жақсарған. Өткен жылы жүк қозғалысындағы жүк айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,2%-ке өскен. Магистральдық желі дирекциясы директорының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Бахытбек Алдажаров бұл көрсеткіштердің жақсаруына алдын ала жүргізілген жұмыстардың оң септігі тиіп отырғанын айтады  

Оның айтуынша, бүгінде барлығы 1027,39 шақырым бас жол сауықтырылған, соның 867,19 шақырымы күрделі жөндеуден өтіп, 562,2 км жолға рельс бунағы төселіпті. Былтыр жоспарлы-алдын алу жұмыстары толық көлемде орындалған. Нақтырақ айтсақ, 300 мыңнан астам шпал ауыстырылып, 25 жаңа және 21 ескі жарамды бағыттағыш бұрма төселген, 152 жөндеу жиынтығы және 1281 айқастырма алмастырылған. Сонымен қатар 631,7 км жол бойына мал-жанның шығуына қарсы қоршаулар орнатылып, 832 қисық жол телімдері талапқа сай түзетіліпті. Бүгінде жолдың техникалық жағдайы 57 балға, яғни «жақсы» деп бағаланып отыр екен.

«2018 жылдың 10-11 қыркүйек аралығында Астанада аймақтық және желілік деңгейдегі жол шаруашылығы басшыларының және ардагерлердің қатысуымен үлкен семинар-кеңес өтті. Міне, осы жиында жол шаруашылығының проблемалық мәселелері мен перспективалары қаралды, келешекте шешімін табуы тиіс міндеттер кешені анықталды. Мәселен, Дирекцияда жол аралығы, блок-телім ұзындығына тең келетін ұзын түйіспесіз жол бунақтарын дәнекерлеу технологиясын жетілдіру межеленіп отыр, бұл өз кезегінде буын жолдармен салыстырғанда пойыздар жылдамдығының қолайлылығы мен жатықтығын арттырады. Мұнымен қатар техникалық құралдардың жөндеу аралық мерзімін ұлғайтып, пойыздар тартымына кететін шығындарды төмендете түспек, сондай-ақ, тартымдық және белгі беретін электр тізбектерінің жұмыс сенімділігін арттырмақ», – дейді Бахытбек Мұқашұлы.

Маман сөзіне сүйенсек, жол шаруашылығы бойынша заманауи мобильді құралдардың базасында жол жағдайын мониторингілеу жүйесін әрмен қарай дамыту қарастырылып отырған көрінеді. Ол қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, жолдың нақты жағдайы бойынша жөндеу жұмыстарын жоспарлауға және жобалауға, мерзімдік тексерулерді төмендету есебінен бақылауға кететін шығындарды азайтуға қатысты міндеттерді шешуге мүмкіндік бермек екен.

Ал Мобильді диагностикалық кешен бейнебақылау, рельс табанының геометриясы, магниттік дефектоскопия, ультрадыбысты дефектоскопия арқылы бақылау жүргізетін көрінеді. Алғаш МДК 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап қолданысқа енгізіліпті. Міне, сол уақыттан бері биылғы жылдың қаңтарына дейін техника 84 мың шақырымнан астам жолды диагностикадан өткізіпті.

Бахытбек Мұқашұлы бағдарламалық-есептеу борттық жүйелерімен жабдықталған жаңа буынның жол диагностикалау құралдары болып МДК-ның жол шаруашылығы нысандарының нақты жағдайын ескере отырып, жол-жөндеу жұмыстарына қажетті қажеттіліктерді анықтауға, талдау және болжам жасау мақсатында жол жағдайының деректер базасын жасақтауға мүмкіндік беретінін айтады. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында осындай 3 бірлік, ал екінші жартыжылдығында тағы да 3 МДК алу көзделіп отырған көрінеді. Бұл жүйе болашақта барлық бөлімшені қамтып, жол шаруашылығын басқарудың автоматтандырылған негізгі жүйесінің біріне айналмақ.

– Жалпы күрделі жөндеу көлемі артып отыр. Жол кешенін дамытудағы негізгі бағыттар темірбетонды рельсасты негіздегі жол полигоны мен бағыттағыш бұрмаларды әрмен қарай көбейту, сонымен қатар берік бекітпелер мен мейлінше ұзын рельс бунақтарына көшу, ресурсжинақтау, жер төсемінің салмақ түсетін қабілеттілігін нығайту болып отыр. Биыл 428 км ұзындықты құрайтын телімде күрделі жөндеу, 151 км көлемінде орта жөндеу, 130 км жолда күшейтілген орта жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, сондай-ақ, 300 км жол бойына малға қарсы қоршау орнатылып, 550 км жол бойындағы қоршау жөнделмек. Ал электрмен жабдықтау шаруашылығында 11918 км байланыс желісіне, ПЭС және АБ әуе желісіне ағымдық жөндеу жүргізіп, байланыс желісіндегі қысқыштар мен оқшаулағыштарды, сондай-ақ, өтемдік құрылғылардың болат арқандарының жиынтығын алмастыру қарастырылған. Белгі беру және байланыс шаруашылығында НР типіндегі релені НМШ кіші габаритті релеге алмастыра отырып, қолданыстан шығару жоспарланған. Бұл жұмыстар 5 станцияда жүргізіледі. Сонымен қатар 5 аралыққа Шалқар әдісі бойынша уақытша екі жақты автоблокировканы енгізу көзделіп, апаттық аккумуляторларды ОРС-3-ке алмастыру жоспарланған, – деп түйіндеді сөзін ағымдағы жыл еншісіне межеленген жұмыстар легімен де бөліскен қауіпсіздік маманы.

Сұлугүл БАКЕСОВА 


Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады