Теміржол саласында ауаны ластамайтын энергия көздері қарастырала бастады

Жаңалықтар
06.12.2021, 14:11
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК»АҚ бас инженері Батыр Қотырев 2030 және 2060 жылдарға арналған  Компанияны декарбонизациялаудың бірнеше жобасын ұсынады. Бұл істе темір жол көлігіне, өндіріс ошақтарына және әлеуметтік нысандарға табиғатқа зиян келтірмейтін отындық пайдалану басты міндет. Біріншісі, Компанияның ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға инвестициялық мүмкіндігі шектеулі екенін ескере отырып, локомотив паркін жаңарту есебінен  351,9 мың тоннаға дейін СО2-ні аз да болса төмендетуге болатынын айтады. Ал екінші оптимистік сценарий – Достық – Мойынты телімін электрлендіріп, сұйытылған табиғи газ отынына өткен 77 локомотивті өндіріске енгізе отырып, мұнымен қоса локомотив паркін жаңарту есебінен СО-2-ні 519 мың тонна дейін төмендетуге қол жеткізу жоспарына құрылған. Үшіншісі, терең декарбонизациялау. Бұл сценарий аккумуляторлық локомотивтерді, ал кейіннен сутекті белсенді қолданумен сипатталып отыр. Әлбетте, көрсетілген жобаларды іске асыру едәуір дәрежеде мемлекеттік қаржыландыру мүмкіндігіне байланысты болмақ.

Батыр Котырев, тартымдық емес қажеттіліктерде (қазандық, қазан) төмен көміртекті дамыту бойынша да үш сценарий ұсынады. Біріншісі, көмірмен және дизель отынымен жұмыс істейтін қазандықтарды газга ауыстыру болса, екіншісі, көмірмен жанатын қазандықтарды жетілдіре отырып, ұзақ жанатын қазандықтарды пайдалану есебінен ауаны ластаушы заттарды 8,1 мың тонна СО-2 дейін азайту. Үшінші сценарий электромобильдерді, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері үшін жаңартылатын энергия көздерін белсенді пайдалануды, автокөліктерде сутегіні қолдануды көздейді. Енді бұл әлемде технологиялардың қарқынды дамуымен байланысты болмақ.

«Сұйытылған табиғи газды, газомоторлы отынды пайдалану, әрине, бүгінгі күні анағұрлым пысықталған мәселе. Сұйытылған табиғи газды мотор отыны ретінде локомотивке енгізу және қолдану үшін бір локомотивте пилоттық жобаны сынақтан өткізбекпіз. Бұл зерттеу жұмысын 2024 жылдың соңына дейін өткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді бас инженер.

Ол сонымен қатар 2022 жылдың 1 тоқсанынан бастап екі Департаменттің ережелеріне энергияға көшу мәселелері бойынша қосымша функциялар бөлігінде өзгерістер енгізілетінін атап өтті. Сондай-ақ, түрлі мамандықтағы 7000-нан астам адам тұрақты даму мәселесі бойынша қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтпек. Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да парниктік газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі Жол картасының жобасы жасалуда екен.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті