Төмен көміртекті даму бағдарламасы - ҚТЖ

Жаңалықтар
12.07.2022, 11:10
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылғы 12 желтоқсанда Парижде өткен «Климаттық амбициялар» саммитінде елдің күшейтілген ұлттық климаттық жоспарына байланысты Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге міндеттенетінін мәлімдеген болатын. Жаһандық температураның 1,5 – 2 градустан астам өсуіне жол бермеу туралы міндеттемелерін орындайтынын растай отырып жариялаған.

Осы мәселеге орай Ұлттық компанияда 2060 жылға дейінгі кезеңдегі «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының төмен көміртекті даму бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама бірнеше функцияларды қамтып отыр, атап айтсақ, көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін технологиялық дамудың міндеттері мен бағыттарын айқындау; белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті инвестициялар мен қаржы ресурстарына қажеттілікті бағалау және төмен көміртекті даму бойынша белгіленген мақсаттарды іске асырмаған жағдайда тәуекелдер мен салдарларды ескеру.

– Биыл сәуірдің соңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің жетекшілігімен Компанияның ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы өтті. Онда аталған бағдарлама талқыланып, мақұлданды және бірқатар шешімдер қабылданды. Мәселен, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, Магистральдық желі дирекциясы филиалдарына және Жобалар қоржынын басқару департаментіне 2060 жылға дейінгі кезеңде төменкөміртекті дамыту бойынша іс-шараларды белгіленген тәртіппен іске асыруды қамтамасыз ету міндеттелді. Яғни, парниктік газдарды азайтуға негізделген қазандықтарды көгілдір отынға ауыстыру, электрлі жылытуға көшу сияқты инвестициялық жобаларды іске асыру Жобалар қоржынын басқару департаментіне тапсырылса, Магистральдық желі дирекциясы филиалдарына ауа ластығын тазарту үшін темір жол бойына екпе ағаштар отырғызу бойынша жұмысты қайта жандандыру міндеттелді,– дейді Сағат Қабиев.

Ағымдық ахуалға талдау жасаған мамандар, басқа көлік түрлерімен, сондай-ақ экономиканың басқа салаларымен, атап айтқанда, энергетика, мұнай өңдеу және металлургиямен салыстырғанда темір жол көлігі экологиялық жағынан ең қауіпсіз болып табылатынын анықтаған. Мәселен, Халықаралық теміржолдар одағының мәліметтері бойынша, АҚШ пен Еуропалық Одақ экономикаларында теміржол көлігінен парниктік шығарындылардың үлесі тиісінше 2,4% және 2,9% құрап отыр. Ал Қазақстанда темір жол көлігі шығарындыларының үлесі 0,6% құрайды. Айта кетерлігі, Компанияның көміртегі табы тікелей және жанама шығарындыларды қамтиды. Парниктік газдардың тікелей шығарындылары жылжымалы көздерді, яғни тепловоздар, дрезиналар, автомобильдер және стационарлық тұтынушыларды – қазандар, қазандықтар, пештерді пайдалану кезінде пайда болса, 2013 жылдан бері Компания сатып алған бөтен энергия көздеріндегі отынның жануынан болатын жанама шығарындылар айтарлықтай өзгере қоймаған. 

2060 жылға дейінгі кезеңде «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының төмен көміртекті даму бағдарламасы шеңберінде бірқатар міндеттер алға қойылып отыр. Біріншісі, төменкөміртекті даму шараларын бекіту болса, бұдан кейін қазіргі уақытта демонстрациялық немесе тәжірибелік сатыда тұрған технологияларды болашақта қолдану. Келесі бір міндет, электр энергиясын өндіру – көміртекті бейтарап энергия ресурсын пайдалану арқылы жүзеге асырылатынын ескере отырып, темір жол желілерін электрлендіру болса, сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін міндетті түрде пайдалана отырып, ғимараттар мен жасанды құрылысытарға күрделі жөндеу жүргізу де маңызды міндеттің бірі болып отыр. 

Осы ретте, 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына, яғни ауа ластауының алдын алу үшін пойыздарды тартудың үш сценарий бойынша жобасын жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтар едік. Бірінші сценарий бойынша, локомотив паркін жаңарту есебінен ғана көміртекті (СО2) – 351,9 мың тоннаға дейін аз мөлшерде төмендету. Яғни, бұл ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін Компанияның инвестициялық мүмкіндіктерінің шектелуімен байланысты болып отыр. Екінші немесе оптимистік сценарий, Достық-Мойынты учаскесін электрлендіру және локомотив паркін жаңартумен қатар сұйытылған газбен жүретін 77 бірлік локомотивті енгізу есебінен көміртектің төмендеуін 519 мың тоннаға дейін арттыру. Ал үшінші сценарий – терең декарбонизация. Бұл сценарий аккумуляторлық, кейіннен сутегіні белсенді пайдаланатын локомотивтерді қолданумен сипатталады. Бұл жобаларды іске асыру негізінен мемлекеттік қаржыландыру мүмкіндігімен байланысты болмақ. Ал енді тартымдық емес қажеттіліктерге қатысты 2060 жылға дейінгі декарбонизациялау жобасына келсек, бұл да үш сценарийді қамтиды. Бірінші сценарий бойынша дизельдік және көмірмен жұмыс істейтін қазандықтарды табиғи газға ауыстыру болжанса, екінші оптимистік сценарий көмірмен жұмыс істейтін қазандықтарды жаңғыртуды және СО-2 шығарындыларын 8,1 мың тоннаға дейін азайту үшін ұзақ жанатын қазандықтарды пайдалануды көз- дейді. Ал үшінші сценарий электр көліктерін белсенді пайдалануды, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері үшін жаңартылатын энергия көздерін, көліктерде сутегіні пайдалануды қамтиды. Бұл сценарийдің енгізілуі әлемдегі құзыреттер мен технологиялардың жинақталуына байланысты болмақ. Сала мамандары бұл аталған жобаларды жүзеге асыру үшін шамамен 731,1-3925,2 млрд теңге мөлшерінде қаражат керек екенін болжамдап отыр. Десе де, нақты шығындар жобаларды әзірлеу кезінде анықталмақ.

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді