Пойызға басылып қалу: қауіп-қатерді қалай сейілтеміз?

Жаңалықтар
15.07.2022, 10:54
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Компания басқармасы төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің жетекшілігімен мал-жанның пойызға басылып қалуы, жол-көлік оқиғалары, ұрлық-қарлық және кірме жолдарда жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуін азайту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Оған Ұлттық компания құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мемлекеттік құзырлы орган өкілдері қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары – бас менеджер Ниязбек Жаңабаев алты айдағы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайына шолу жасады. 

«Біз теміржол бойында орын алған әрбір оқиғаға қатысты тергеу-тексеру жүргіземіз, талдау жасаймыз, Компанияға үлкен шығын әкеліп отырған жағымсыз жайттар жиі қайталанатын учаскелерді анықтаймыз. Бүгінде Алматы, Шымкент, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау өңірлері осындай оқиғалар көп тіркелген аймақтар ретінде танылып отыр. Әрине, біз оқиғалар болған жерлерде рейдтер, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын, БАҚ-тарда жарияланымдар, ірі вокзалдарда бейнероликтер көрсетіп, профилактикалық шаралар өткізуден кенде емеспіз. Өкінішке орай, бұл жұмыстар да нәтиже бермей отыр. Мәселен, өткен жылға қарағанда адамдарды пойыз басып кету 7 оқиғаға өсіп, 41-ге жеткен. Оның 26-сы адам өлімімен аяқталып отыр. Бұл оқиғалардың орын алуына адамдардың темір жол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтамай, рұқсат етілмеген жерлерден кесіп өтуге жасаған әрекеті, құлаққап киіп алып, пойыздың дабылын естімей қалуы, өзін-өзі пойыз астына тастауы, ішімдік кесірінен ұрынуы сияқты жағдайлар себеп болған. Тіпті, түсіндіру жұмыстарынан бөлек айыппұл салып жазалау да адамдар санасына әсер етпей отыр. Осы ретте, бізге құқыққорғау органдарымен бірге айыппұл салу санкцияларын күшейтіп және қауіпті аймаққа психикалық ауытқушылығы бар адамдарды жібермеу үшін күзетті қатаңдату қажет. Бұл бірінші. Екіншіден, вокзал төңірегінде жүретін тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарды анықтап, оларды есепке алу қажет. Үшіншіден, наркологиялық диспансерде есепте тұрған алкогольге тәуелді адамдарды да бақылауға алып, темір жолға жақын жібермеуге әрекет ету. Төртіншіден, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қауіпті аймақта селфи, тик-ток түсірмеуі, құлаққап киіп музыка тыңдамауы, темір жолды ойын алаңына айналдырмауы үшін олардың ата-аналарына жауапкершілікті қатаңдату керек. Бесіншіден, профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын әлеуметтік желілерде жиі беріп тұру үшін профильді ұйымдармен жұмысты нығайта түсуді қажет деп санаймын», – деді баяндамашы. 

Магистральдық желі дирекциясының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Бахытбек Алдажаров, биылғы жылдың 6 айында жол үстіне шығып кеткен мал мен жанды баспау үшін локомотив бригадалары 491 шұғыл тежегішті қолданғанын атап өтті. Әсіресе, станцияларда жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер мен көпірлердің болуына қарамастан, жолды төте кесіп өтпек болған адамдар пойыз астына түсіп қалып жататыны ақылға қонымсыз дейді. Айталық, биылғы алты айда станцияларда осындай 13 оқиға болып, соның 4-уі адамдардың ажал құшуымен, қалғаны жарақат алумен аяқталған. 

– 2015 жылдан бері 23 станцияда жалпы ұзындығы 208,9 шақырымды құрайтын қоршаулар орнатылды. Алайда, көп жағдайда адамдар оларды бұзып тастап, темір жолды кесіп өтетін төте жол салып алып жүр. Әсіресе, мұндай жағдайлар Ағадыр, Қазалы, Шымкент, Алматы-1, Тобыл станцияларында байқалып отыр. Адамдар көп жүретін жерлерде темір жол арқылы қауіпсіз өту үшін жоспарланған тәртіппен жаяу жүргіншілер көпірі де салынуда. Сонымен бірге 292,99 км темір жол тұрақты қоршаулармен қоршалды, оның ішінде 84 км перрондық қоршаулар, ал облыс орталықтары мен ірі қалалардағы 23 станция, адам көп басылатын Қорғасын-Шымкент және Шымкент-Қызылсай сынды жол аралықтары қоршалған, – дейді Бахытбек Алдажаров. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар талқыға салған тағы бір мәселе – жол өткелдерінде жиі болып жататын жол-көлік оқиғасы. Бұл жағдайдың орын алуына да автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуы себеп болып отыр. Өкінішке орай, кейбір жүргізушілердің келе жатқан пойызды көре тұра, өзінің де, қасында отырған жолаушының да басын қатерге тігіп, тәуекел жасап өтіп кетпек болған әрекеттерінің соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуда. Мысалы, күні кеше 11 шілде күні тапа-тал түсте Қостанай облысының Тобыл–Құсмұрын учаскесіндегі реттелетін теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Куәгерлердің айтуынша, «Жигули» маркалы автокөлігінің жүргізушісі күтіп тұрған көліктерді айналып өтіп, келе жатқан жүк пойызының алдын кесіп өтпек болған. Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен қасындағы жолаушы қаза тапты. Ұқсас жағдай 13 шілдеде Атырауда да қайталанды... 

Күн тәртібіне шығарылған келесі мәселе, теміржол инфрақұрылымының материалдық құндылықтарына зиян келтірудің алдын алу, яғни ұрлық-қарлыққа тосқауыл қою болды. «ӘТЖК» ЖШС басшылығы объектілерді қорғау бойынша шарттық міндеттемелердің болмауына байланысты, осы нысандарға қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде, яғни, аса криминогенді парк учаскелері, станциялардың жүк аудандарын және теміржол аралықтарын пысықтап, жаттығу кезінде жүзеге асырылатынын айтты. Ол сондай-ақ, теміржолшылардың ұрлық-қарлыққа қатысқан фактілер де анықталып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Ұрлық тауарлық-материалдық құндылықтарды қараусыз қалдырған кезде және де олар есеп шотында тұрған материалдық жауапты адамдармен жасалатыны анықталған. Міне, алдағы тамыз айында өтетін үлкен жиынға дейін осы мәселелер егжей-тегжейлі зерделеніп, жауапты органдар тарапынан ұсынылатын ұсыныстарды енгізу көпшілік талқысына түспек.

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді