КТЖ: 25 жыл – 25 жетістік

Жаңалықтар
02.08.2022, 10:31
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

1.«ҚТЖ» ҰК» АҚ соңғы ширек ғасыр уақыт ішінде Қазақстанда жалпы ұзындығы 2,5 мың км құрайтын жол салды. Ең біріншісі 187 км Ақсу-Дегелең теміржолы 2001 жылы пайдалануға берілді. 2004 жылы ұзындығы 402 км Хромтау-Алтынсарын темір жолы қолданысқа беріліп, Қазақстан өнімдерін сыртқы нарыққа ең қысқа жолмен жеткізуге мүмкіндік туды. 2008 жылы 151 км Шар-Өскемен теміржолы салынды.  

2. 2011 жылы Парсы шығанағына тура жол ашқан «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» жобасы бойынша 146 км жол пайдалануға берілді. 2012 жылы 290 км «Жетіген-Қорғас» теміржолы ашылды. Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыратын «Жезқазған-Бейнеу», «Арқакөл-Шұ- баркөл» темір жолдары салынып бастады.

3. 2014 жылы «Нұрлы жол» даму бағдарламасы аясында 14 км «Боржақты-Ерсай» жолы салынып, желі Құрық портын магистральдық темір жол желісімен байланыстырды. 2015 жылы 110 км «Алматы-Шу екінші теміржол құрылысы» жобасы жүзеге асырылды.  

4. 2008 жылы «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» АҚ құрылды. 2009-2011 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде, Екібастұздағы вагон жөндеу депосы базасында жартылай вагондар мен 25 тоннаға дейін жүк көтере алатын арбасы бар жартылай вагондар өндірісі ұйымдастырылды.

5. 2009 жылы «Қазақстанның жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы негізінде Локомотив құрастыру зауыты ашылды. Қазақстанда құрастырылған тұңғыш магистральдық Evolution- ТЭ33А сериясындағы бесінші буынды жүк тепловоздары сол жылы желтоқсан айында шығарылды.  

6. 2011 жылы жүрдек жолаушы вагондарын шығаратын «Тұлпар-Тальго» зауыты «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен испандық Patentes Talgo S.L.U. компаниясының ынтымақтастығы нәтижесінде бой көтерді. Өндіріс мақсаты – отандық нарықты жолаушылар вагондарымен қамтамасыз етіп, қазақстандық өнімді ТМД мен шетелдерге экспортқа шығару.

7. 2011 жылы «Шығысмашзауыт» АҚ «ҚТЖ» ҰК құрамына еніп, онда жүк вагондарының арбаларына арнап вагон құймалары жасала бастады. Жоба 2013 жылы толық іске асырылды және бүгінде табысты пайдаланылып жатыр. Зауыттың қуаты жылына 14 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді.  

8. Екібастұздағы «Проммашкомплект» зауыты пойыздарды бір жолдан екіншісіне ауыстыратын бағыттамалы бұрмалар мен дөңгелек жұптарын жасауды қолға алды. Кәсіпорын Германия, Италия, Швейцария, Жапония мен өзге де озық елдерде шығарылған ең заманауи қондырғылармен жабдықталған.  

9. 2011 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрлық, теңіз және әуе көліктерінің басын біріктіретін көліктік-логистикалық операторы болып танылды. Соған орай компания барлық көлік түрлері бойынша терминал, магистраль инфрақұрылымы және тасымалды біріктіретін көп деңгейлі көліктік-логистикалық холдингке айналды.  

10. 2011 жылы Қытаймен шекарада Алтынкөл станциясында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрылды. Бұл қақпа арқылы Батыс Қытайдан Ресейге, Еуропа елдеріне және Орталық Азияға бағыт алған жүктер өтті. 2015 жылы аталған аймақтың бір бөлігі саналатын құрғақ порт коммерциялық бағытта пайдалануға берілді.  

11. 2012 жылы Қазақстандағы заманауи машина жасау кәсіпорындарының қатары Электровоз құрастыру зауытымен толықты. Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Alstom компаниясы мен ресейлік «Трансмашхолдинг» ЖАҚ арасындағы электровоз жасау жөніндегі келісімнен бастау алды.  

12. 2014 жылы Ақтөбе рельс-арқалық зауыты іске қосылды. Өндіріс орнының қуаты жылына 200 мың тонна рельс пен 230 мың тонна сұрыптама өнімін шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс барысында заманауи технологиялар қолданылса, рельс жасау стандарттары Еуропалық одақ талаптарына жауап береді.  

13. 2010 жылдан бастап Қазақстан темір жолы еліміздегі шалғай елді-мекендер тұрғындарын жоғары деңгейдегі арнайы консультативтік-диагностикалық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында медициналық пойыздарды іске қосты. Алдымен «Денсаулық» пойызы аттанды, ал 2011 жылы «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» пойыздары да жолға шықты.  

14. 2012 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол желілеріндегі сумен жабдықтау нысандарының техникалық қызмет көрсету сапасын жақсартып, теміржолшыларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етті. Бес жыл ішінде «Теміржолсу» АҚ жүзеге асырған шаралар өндіріс активінің, су және жылумен қамту пункттері жабдықтарының тозығы жетуін 85 пайыздан 25 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Жалғасы:

Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық