Жастар форумы аясында маңызды тренингтер өтті

Жаңалықтар
16.12.2022, 11:22
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ХІ республикалық жастар форумы шеңберінде сыртқы жаттықтырушылармен «Тиімді жоспарлау», «Команда құру», «Жаңа шындықтағы келіссөздер дағдылары», «Тұтынушы тәжірибесі», сондай-ақ ішкі жаттықтырушылардың жетекшілігімен «Тиімді коммуникациялар», «Қақтығыстарды басқару», «Стресске төзімділік», «Көшбасшылық», «Тұтынушыға бағдарлану» тақырыптарында тренингтер желісі өтті.

Форумға қатысушы 250 астам жас теміржолшы бұл тренингтерден маңызды ақпарат алса, жаттықтырушылар көпшілікпен жұмыс істеуде қоржындарын тағы бір тәжірибемен толықтырды. Біз форумға қатысушылардың тренингтер туралы пікірін білдік.

Меруерт ЖҰМАХАНОВА, Бизнес және архитектура департаментінің бас менеджері:  

– Мен биылғы жастар форумына ішкі жаттықтырушы ретінде қатыстым. Бұл бағыттағы жұмысымды 2020 жылы бастадым. Сол уақыттан бері эмоционалды интеллект және сонымен байланысты тақырыптарда тренинг өткіземін. Яғни кері байланыс, дау-дамайларды басқару, күйзеліске төзімділік, қысқаша айтқанда, эмоциямен байланысты дүниелер. Форумға қатысып отырған жастар өте белсенді, көздерінде от бар, жаңашылдықты білуге өте ықыласты. Осы тренингтен алған ілім-білімдерін кейін жұмыста қолданамыз деп жатыр. Мен оған сенемін. Жалпы теміржолшы жастармен бірінші рет жұмыс істеп жатқан жоқпын. Бұған дейін «100 жас есім» бағдарламасы аясында жастарға жетекшілік еттім. Байқағаным, ҚТЖ жастары мейлінше ашық, жақсы дүниелер жасауға құмар, Компания келешегіне немқұрайлы емес. Бұл жақсы қасиеттер бізді қуантады.

Рүстем СӘБИТОВ, Қостанай  

– Мен ҚТЖ-Жолаушылар локомотиві шаруашылығының қызметкерімін. Клиентке бағдарлану тренингіне қатыстым. Осы шарада клиент сыртқы ғана емес, іштен де болуы мүмкін екенін білдім. Біз клиенттермен жұмыс істеу құралдарымен, ұсыныстарымен таныстық, яғни клиенттің ризашылығын алу жолдарын түсіндік. Мысалы, бір мақсат және міндеттер алдында, қызметкерді күштемеу керектігін, яғни орысша айтқанда «не» предлогын қоюға болмайтынын білдік. Айталық, мынау жұмысты бітіріп болмай, «не пойдешь в отпуск» деуге болмайды. Керісінше, ол кісінің көңілін тауып, онымен ортақ тілде сөйлесіп, құқығын шектемей, бұл жұмысты бітірудің маңыздылығын жеткізу керек, ол кісіге клиент ретінде қарау керек, яғни атын атап, жанарына тура қарап, сөйлесу керек. «Көз көрсе, жүз ұялады» демекші, қызметкер де бұл шараның маңыздылығын түсінері хақ.

Ержан КЕЛДІБАЕВ, Павлодар  

– Мен Павлодар ТЧЭ бастығының өндіріс жөніндегі орынбасарымын. Біз қатысқан тренинг «Стресске төзімділік» деп аталды. Мен бұл шараға қатыса отырып, стресс алдым деуге болады. Яғни, жақсы мағынада. Біз әдетте, стресс десе, оны жағымсыз мағынада қабылдаймыз. Шын мәнінде, қуану, толқу, қобалжу бұлар да стресс түрлері екені осы тренингте керемет етіп түсіндірілді. Ішкі тренерлер әлемдік деңгейдегі коуч-тренерлерден кем емес екенін көрсетті. Жалпы біз стресспен бірге өмір сүреміз. Әсіресе, біздің қызметте ол айрықша сезіледі. Машинистер жұмысы күйзеліспен тікелей байланысты. Осы тренингте стресске төзімді болу жолдары, физиологиялық стресс, негізгі тригерлерді анықтау, оларды меңгеру жолдары түсіндірілді. Өзіміздің осал тұстарымызды анықтау мүмкіндігіне ие болдық. Командамен стресс жағдайынан шығу жолдарын қарастырдық.

Темірлан БАЛМУРЗИН, Қостанай  

– Қостанай локомотив пайдалану депосында мен бақылау және жөндеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеймін. Мен «Тиімді келіссөздер» тренингіне қатыстым. Бізге оны сыртқы жаттықтырушы Светлана Каплена өткізді. Тренинг тамаша өтті. Бұл шарада мен өзіме біраз жаңа нәрселерді түртіп алдым, ұмыт қалған ескі дағдыларды қайта жаңарттым. Келіссөздерді қалай жүргізу керек, адам типін анықтау, тиімділікке қол жеткізу тәсілдерін үйрендік. Тренинг соңында сертификат алдық. Бұдан басқа, көшбасшылыққа үйрететін тренингке де қатысып, жетекші маман болудың қыр-сырларын үйрендік.  

 

Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік