ҚТЖ-да өндірістік қауіпсіздік көрсеткіштері жақсарды

Жаңалықтар
10.03.2023, 17:40

«Самұрық-Қазына» АҚ-да Болат Жәмішевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті ашық отырысы өтті. Кездесу тақырыбы – Қор компаниялары тобындағы өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Отырысқа қазақстандық қоғам белсенділері, саясаткерлер мен сарапшылар қатысты. Самұрық-Қазына Қор компанияларының, оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларына қызметкерлер қауіпсіздігі үшін дербес жауапкершілік жүктегені атап өтілді. Бұл туралы Самұрық-Қазына қоғаммен байланыс, әлеуметтік еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтып берді.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ - да өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйін жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры – бас инженер Батыр Котырев егжей-тегжейлі айтып берді.

– 2022 жылы біз жазатайым оқиғалардың жалпы санын 16% төмендете алдық. Есепке алынған жағдайлар саны 40% азайды. Еңбекке қабілеттілігінен уақытша айырылған жазатайым оқиғалардың саны 20%  азайды, – деп атап өтті Батыр Котырев.

Сондай-ақ, ол елеулі тәуекелдерге нақты әсер ететін техникалық - технологиялық бағыттағы нысаналы бағдарламалық шаралар бойынша жұмыстарды жалғастыру туралы – 2022-2026 жылдарға арналған өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалардың алдын алу және 2021-2025 жылдарға арналған электротравматизмнің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы айтты.

Басқа шаралардың қатарында - жаңа буын локомотивтерінде айналмалы бөлшектер мен кернеулі жабдықтар орналасқан жерлерде LOTO жүйесінің элементтері (құлыптау және қорғау) орнатылған. Қозғалыстағы локомотив жабдықтарын ішкі тексеру функциясы және тағы басқалар алынып тасталды.  Сондай-ақ, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша пәрменді құралдардың бірі қауіпті жағдайлар мен қауіпті әрекеттерді анықтау бойынша Мінез-құлық қауіпсіздік диалогтарын (МҚД) жүргізу, қауіпті жұмыстарды тоқтату құқығын пайдалану болып табылады.

– 2022 жылы қауіпті жұмыстарды тоқтату құқығын қызметкерлер 600  астам рет пайдаланды. Сонымен қатар, 25 000 астам қауіпті жағдайлар мен қауіпті әрекеттер анықталды, – деп атап өтті спикер.

МҚД проактивті құралын қолданғаны үшін өндірістік персонал арасынан  16 млн.теңгеден астам сомаға 384 қызметкер көтермеленді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Екібастұз локомотив пайдалану депосы техникалық қызмет көрсету пунктінің аға шебері Алмас Мұратқалиұлы Гимадиев  бүкіл отбасымен шетелге туристік сапарлау жолдамасымен көтермеленді.  

«Адам факторының» әсерін шектейтін техникалық шаралардан басқа, барлық деңгейдегі менеджерлерді, өндірістік персоналды қауіпсіздікке оқыту мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. 2022 жылы заңнамалық талаптардан тыс, NEBOSH, IOSH, DEFENSIVE DRIVING (қауіпсіз жүргізу) бағдарламалары мен курстары бойынша сыртқы сарапшылармен 529 адам оқытылды. Компанияның ішкі жаттықтырушыларымен 22 446 адамға арналған өндірістік қауіпсіздіктің ішкі стандарттары бойынша оқыту жүргізілді.

Сондай-ақ, 2023 жылға Қордың ұсынымдарына сәйкес желілік және өңірлік басқару деңгейлеріне каскадталған 4 индикатордан (оның ішінде 2 проактивті) тұратын өндірістік қауіпсіздік бойынша жаңа KPI белгіленді. 2020 жылдан бастап жұмыс істеп тұрған Өндірістік қауіпсіздіктің автоматтандырылған интеграцияланған жүйесі (ӨҚИЖ) компанияның әрбір бөлімшесі бойынша онлайн режимде тиімділіктің проактивті құрамдас бөліктеріне ПӘК (қатысу және танысу) мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚТЖ-да қауіпсіздік мәдениетін дамыту және өндірістің технологиялық деңгейін арттыру стратегиялық басымдық ретінде белгіленгені атап өтілді.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды