Автокөліксіз күн: жұмысқа атпен келді

Жаңалықтар
28.09.2023, 10:59
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

22 қыркүйек күзгі күн мен түннің теңелу күні ғана емес, Дүниежүзілік автокөліксіз күн. Бұл күні бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар көліктерін үйлеріне қалдырып, қала бойынша қоғамдық немесе экологиялық көлік, велосипед, роликпен қозғалып, жаяу серуендеуге артықшылық береді.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының 10 000-нан астам қызметкері де атаулы күнге үн қосып, көліктерін тастап, баламалы қозғалу әдісін пайдаланды, яғни қоғамдық көлік, велосипед, электрлі самокатпен қатынап, енді кейбірі жұмысқа жаяу келді. Ал өңірлердегі магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты дистанцияларда ата-баба салтын еске алып, сенімді көлік түрі атпен келгендер де болды.  

Бұл күні өткізілген акция теміржолшыларға автокөліктердің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін еске түсіріп, адамдарға баламалы көлікті пайдалану қажеттілігі  туралы ой салды.

– Менің көлігім бар, бірақ мен Көліксіз күн акциясын қолдап, көлігімді үйге тастап кеттім. Бұндай күннің болғаны қандай жақсы. Біріншіден, бұл климатты қорғау үшін жақсы дүние. Екіншіден, жаяу жүргіншілер әдетте көліктер жүретін жолмен еркін жүре алады. Осы акция арқылы біз, біздің көшенің автокөліктерден бос бола алатынын көрсеттік, – дейді Жезқазған электрмен жабдықтау дистанциясы бастығының орынбасары М.Нұрмағанбетов.  

Автокөліксіз күн  –  бұл көліксіз жүруге болатынын меңзейтін маңызды белгі. Ең бастысы ортасын табу керек. Әрине, көліктен түбегейлі бас тартып, үнемі велосипедпен жүру мүмкін емес. Алайда, көліксіз өткен бұл күн расымен көп теміржолшыға неліктен арасында велосипедпен жүрмеске деген ой салыпты.

  «Бір жағынан денсаулыққа пайдалы, екінші жағынан үнемді, үшіншіден, қоршаған ортаға зияны жоқ» деп пікірлерін білдіреді жұмысқа шайтан арбамен келген Шымкент НЖС-тің жетекші инженері С.Сафаров пен Шу белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлері.  

Ал Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының еңбеккері Ержан Комиссариев жеке көлік, қолайлы қоғамдық көлік, тіпті велосипед пен жаяу жүруге балама әдіс ретінде жылқыны пайдаланып, жұмысқа атпен келіпті.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті