Бакуде Каспий логистикалық форумы өтті

Жаңалықтар
29.09.2023, 09:35
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Әзербайжанның астанасы Бакуде «Қара теңіз – Каспий логистикалық форумы 2023: дәліздер, жүктер, инфрақұрылым» тақырыбында Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Азияның 20-дан астам елінен делегаттар қатысқан халықаралық конференция және көрме өтті.

Бүгінгі таңда аймақтағы геосаяси жағдайлар мен санкциялар логистикалық компаниялар мен жүк иелерін Қара және Каспий теңізі елдерінің аумақтары арқылы өтетін көлік дәліздерін белсенді пайдалануға мәжбүрлеуде. Бұл динамика жаңа қызметтердің, маршруттардың және инфрақұрылымның дамуына түрткі болуда.  

Бакуде өткен конференция көптеген маңызды тақырыптарды қозғаған бірнеше сессияға бөлінді. Қара және Каспий теңіздері аймақтарындағы халықаралық көлік дәліздері тақырыбында өткен сессияда халықаралық тасымалдау бағдарларының өзгеруіне Ресей-Украина қақтығысының әсері; Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мүмкіндіктері (Орта дәліз); Қазақстан арқылы мультимодальды тасымалдауда Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды орнатудағы ТРАСЕКА рөлі; Азия-Еуропа көлік дәліздерінің батыс интермодальдық тораптары; Еуропа –Азия дәліздерінің құқықтық мәселелері: тарифтік саясат, инвестициялық жобалар; электрондық құжат айналымы, Көлік бағдарындағы маңызды буын ретінде Қазақстан арқылы транзит сынды көптеген тақырыптар қатысушылар тарапынан талқыланды.  

«KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері одағының Теңіз және өзен көлігі мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Жаслан Жағыпаров осы конференцияда Азиядан Еуропаға мультимодальды жүк тасымалдаудағы Қазақстанның транзиттік әлеуеті тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде елімізде 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітіліп, онда бірнеше бағытта атқарылатын шаруалар қарастырылып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында жүктерді контейнерлеу және контейнерлік тасымалдау бағдарламасын әзірлеу; Ақтау портында «контейнерлік хаб» салу; Мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ете отырып, әмбебап паромдар жасау; Иран, Әзербайжан, Грузия және Түркия порттарында сыртқы терминалдық қондырғыларды құру; Транзит үшін арнайы кедендік және көші-қон режимдері, сондай-ақ шетелдік тасымалдаушылар мен логистикалық компаниялардың жұмысының арнайы ережелері бар еркін сауда аймақтарын құру тұжырымдамада басымдыққа ие дүниелер болып отыр.  

Сонымен қатар тұжырымдама Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарлардың «біртексіз» қозғалысы үшін цифрлық мультимодальды дәліз құру; Теміржол-теңіз бағытында тасымалды жүзеге асыру кезінде теңіз коносаменті ретінде бірыңғай ЦИМ/ СМГС жүкқұжатын енгізу туралы мәселені пысықтау және кейіннен электронды түрге көшіру; Тұрақты тасымалдау желілерінің кестелері мен тарифтері туралы ақпарат беретін онлайн қызметін іске қосу, сондай-ақ ТРАСЕКА бірыңғай транзиттік рұқсатнама туралы Келісімге Қазақстанның қосылуы сияқты тағысын тағы мәселелер қаралғанын тілге тиек етті. Бұдан кейін ол Қазақстанның ТХКБ-да жетекші рөл ойнайтынын айта келіп, негізгі порттар Ақтау мен Құрықтың, Қазақстанның Шығыс қақпасы саналатын Қорғас құрғақ портының инфрақұрылымдық ерекшеліктеріне тоқталды. Қазақстан көлік қызметкерлері одағының өкілі өз баяндамасының соңында орта дәлізді дамытуға қатысты бірнеше ұсыныстарды ортаға салып, Қазақстанның мультимодальды транзиттік әлеуеті зор екенін және ТХКБ-ны одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

 

Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде