Атырауда жүк вагондарын шығаратын зауыт ашылды

Жаңалықтар
05.07.2024, 10:54
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Былтырғы жылдың аяғында өңірде жүк вагондарын шығаратын зауыт ашылатындығы туралы жазған болатынбыз. Жуырда ғана, яғни 1 шілде күні аталған зауыт ресми түрде ашылып, қонақтарға алғашқы шығарылған үш вагон – өстік салмағы 23,5 тс. жартылай вагондар мен платформа таныстырылды. Шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы А.Панбаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, «Тексол» компаниясы тобының басшылығы, аймақ темір жол бөлімшесі өкілдері қатысты.  

Кәсіпорынның PR директоры Мәдина Қазбекованың мәліметінше, Атырау вагонқұрылысы зауыты жүк вагондарын және мұнай өнімдерін, сұйытылған газ бен өнеркәсіптік жүктерді тасымалдайтын цистерналар шығаруға мамандандырылған. Зауыттың толық қуатына көшу кезеңі 2027 жыл деп жоспарланып отыр және жылына 6-7 мың вагон шығарады. Қазіргі уақытта зауыттың өндірістік аумағы 17 мың шаршы метрді құрайды, ал 2027 жылға қарай 62 шаршы метрге дейін кеңейеді. Негізгі өндіріспен қатар мұнда вагонның әр түрлі компоненттерін жасайтын цехтар бар, алға қарай орта және ұсақ вагон құймаларға арналған құйма цехы да ашылмақшы. Мұндай цехтың ашылуы импортқа тәуелділіктен де құтқарады. Зауытқа салынған инвестицияның жалпы көлемі 160 млрд. теңге. Ал, бастапқы кезеңдегі инвестиция көлемі 170 млн. доллар көлемінде болып отыр. Бүгінгі таңда компанияда 25 тс. арбалы 13-6741 модельді біріктірілген жалғамалы платформаны өндіру қолға алынып отыр. Енді келесі жылдан бастап сұйытылған көмірсутегі газдарын тасымалдайтын цистерналар шығаруды бастайды. Компания жергілікті материалдарды пайдалануға да ден қойып отыр екен. Яғни өз елімізде шығарылған өнімдер пайдаланылады, олар:  (Qarmet-металл, Қарағанды), подшипниктер (Brenco, Степногорск), доңғалақ жұбына арналған дискілер мен өстер (проммашкомплект, Екібастұз) және басқа да өнім құраушылар.

Жиын барысында TEXOL компаниялар тобының басшысы Шота Мерабұлы Абхазаваның атап өткеніндей, алдағы 10 жылда елімізде жүк вагондарының саны 54 мыңға азаяды, өйткені әбден тозған. «Сондықтан да бізге босаған ескі вагондардың орнын өзімізде шыққан жаңа вагондармен толтыру үшін жақсылап жұмыс жасау керек. Бұл тіпті Орта Азияны тұтастай алғанда жүк базасының әлеуетін арттырып, қосымша жүк вагондары паркін көбейтуге мүмкіндік береді. Сондықтан бізге отандық өндірісті дамытуға жақсы мүмкіндік бар» дейді ол.  

– Қазақстанда индустриялды саясатты жүзеге асыру жалғасып келеді. Біздің мақсатымыз - өңдеуші өнеркәсіпті экономиканың локомотиві ету. Соңғы бес жылда елімізде өңдеуші өнеркәсіп қарқыны 4,5 %-ды құраса, машинақұрылысы 17,6%. 2023 жылдың қорытындысы бойынша машинақұрылысы саласының өнімдері 34 %-ды, ал негізгі каптиалға салынған инвестиция көлемі 123 млрд. теңгені құрады. Соған орай жылына 6 мың вагон шығаратын зауыттың ашылуы Қазақстан экономикасының дамуына серпін береді және мемлекет басшысының аймақтың индустриялды-инновациялық дамуын нығайтудағы тапсырмасының орындалуына ықпал етеді деп сенемін, – деді ашылу зауыттың салтанатында сөйлеген ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы А.Панбаев.  

Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің атап өткеніндей,  алға қарай кәсіпорында 3000-нан астам жұмыс орны ашылады. Олар негізінен слесарлар, дәнкерлеуші, бұрғышы сынды т.б. мамандар. Қазіргі уақытта халықты жұмыспен қамту өте маңызды, өйткені «Теңізшевройл» компаниясының құрылыс жобалары аяқталуына орай көптеген адамдар жұмыстан босап қалды. Сондықтан оларды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік бар. «Қазіргі уақытта зауытта 50 шақты адам еңбек етіп жатыр. Олардың ішінде дәнекерлеуші, слесарь, бұрғышы сынды мамандар жергілікті адамдар. Ал инженерлік-техникалық құрам отандық және шет мемлекеттерден келген мамандар. Олар қазір отбасымен Атырауға көшіп келіп, осында тұрып жатыр. Сондықтан да бұл зауыттың болашағы алда деп білеміз» дейді М.Қазбекова. Бұл ойды Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Аслан Базарғалиев те қостады. «Зауыттың ашылуына қатысқанда көргеніміз – бұл шынымен де жаңа модельді вагондар. Аймақта жаңа мұнай-газ кен орындары ашылып жатыр. Олардың жаңа вагондарға сұранысы мол. Бұрынғы вагондардың бәрі ескірген. Сол себепті зауыт жұмысына тек сәттілік тілейміз» дейді ол.  

 

 

Инфрақұрылым
24.04.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесін жаңғырту аяқталды
Трансформация
24.04.2026
ТЖЫҰ: XL мерейтойлық жиын өтті
Жаңалықтар
24.04.2026
Орта дәлізді дамыту үшін күш біріктіруде
Трансформация
24.04.2026
Локомотив құрастырудың қазақстандық үлгісі
Жаңалықтар
24.04.2026
ҚТЖ мен Қытай мемлекеттік корпорациясы транзиттік әлеуетті дамытуға уағдаласты
Аймақтар
24.04.2026
Тараз және Ташкент колледждері бірлескен жобаларды қолға алады
Спорт
24.04.2026
Теміржолшылар арасында «Кәсіподақ төрағасының кубогы» басталды
Жаңалықтар / Мұрағат
24.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №31 24 сәуір 2026 жыл
Жаңалықтар
23.04.2026
Достық аллеясы – теміржолшылар бірлігінің символы
Жаңалықтар
23.04.2026
Астанада ТЖЫҰ Темір жолдар бас директорлары конференциясының XL отырысы хаттамасына қол қойылды
Аймақтар
23.04.2026
Семейлік теміржолшылар Бейбітшілік аралын көгалдандыруға үлес қосты
Спорт
23.04.2026
Жамбыл филиалында футболдан тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
23.04.2026
Олжас Бектенов Қазақстанның логистикалық әлеуетін арттырудың басым бағыттарын атады
Жаңалықтар
23.04.2026
Елімізде 5 мың шақырым жаңа теміржол салынады: Олжас Бектенов
Жүк тасымалы
23.04.2026
Транскаспий бағыты бойынша транзит үш есе артты
Жаңалықтар
23.04.2026
Маңғыстау вокзалы заман талабына сай жаңартылады
Жаңалықтар
23.04.2026
«ҚТЖ» мен Вьетнам теміржолы жүк тасымалын арттыру мәселесін талқылады
Жаңалықтар
22.04.2026
Қазақстан Моңғолияға алғаш рет отандық вагондарды экспорттайды
Жаңалықтар
22.04.2026
ҚТЖ мен Қытай темір жолдарының ынтымақтастығы: Талғат Алдыбергенов Ван Цзиньсимен кездесті
Жаңалықтар
22.04.2026
Мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған