Машинажасау саласы: рекордтық көрсеткіш

Жаңалықтар
06.02.2025, 12:42
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде машинажасау саласы жыл сайын қарқынын арттырып келеді. Соның ішінде теміржол машиналарын жасау саласында өткен жылы рекордтық көрсеткіш тіркелді. Қазақстандық зауыттар 124 локомотив, 2 565 жүк вагоны мен  122 жолаушы вагонын өндірістен шығарған.  

Әрине өндіріс көлемінің артуы өз кезегінде жылжымалы құрамды жаңартуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді. «Болашақта Қазақстан Еуразия құрлығының маңызды көлік хабіне айналуы керек. Ол үшін отандық машина құрастыру сапасын жаңғыртуды, теміржол инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру қажет» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, машинажасау саласы алдағы уақытта одан әрі дамып, Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етері сөзсіз. 2024 жылы темір жол машинажасау саласына 23,2 млрд теңге инвестиция салынып, жылжымалы құрамды өндіру көлемі 5 есе өскен.  

Соңғы 10 жылда Қазақстанда 600-ге жуық жолаушы вагоны пайдалануға берілген. 2024 жылы 143 жаңа вагон, соның ішінде елімізде шығарылған вагондар «Қызылорда-Семей», «Астана-Көкшетау», «Павлодар-Алматы», «Павлодар-Түркістан», «Жезқазған-Алматы», «Актөбе-Атырау» және «Маңғыстау-Атырау» бағыттарында тасымалдау сапасын арттыруға мүмкіндік берді. 2025 жылы тағы 226 вагон пайдалануға беріледі деп күтілуде, бұл парктің тозу көрсеткішін 44-тен 38%-ға дейін төмендетпек.    

Сонымен қатар алдағы екі жылда Қазақстанда 3000 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Таратып айтсақ, 2025 жылы Атырау облысында жүк вагондарын шығару өндірісі басталады. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 6000 бірлікті құрайды. 20 миллиард теңге инвестиция тартылатын жоба аясында 180 жұмыс орны ашылады. Биыл сондай-ақ  Жамбыл облысында локомотивтерге сервистік қызмет көрсететін зауыт іске қосылады, жобалық қуаты – жылына 50 бірлік. Солтүстік Қазақстан облысында платформалық вагондар мен жолаушылар вагондарын шығару, сондай-ақ тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған термос вагондарын шығарудың екінші кезеңі басталады. Сонымен қатар  биыл Қарағанды облысында дөңгелек жұптары мен Атырауда локомотивтердің тіреу бөренелерінің өндірісі басталады деп күтілуде. Ал 2028 жылға қарай Қазақстанда жаңа буындағы жүк электровоздары пайда болады, оларды өндіру 40%-ға арзанырақ және қолданыстағы үлгілерге қарағанда 20%-ға тиімдірек болады деп болжануда.

Машинажасау саласындағы өзекті мәселенің бірі – импортқа тәуелділікті жою десек, бүгінгі таңда Қазақстанның теміржол машина жасау саласында отандық өнім үлесі 70%-ға дейін жетті. Жаңа кәсіпорындардың көптеп ашылуы локомотивтер мен вагондарды, олардың бөлшектерін өндіруге мүмкіндікті арттыра түсетіні даусыз. Машинажасау саласына қажетті мамандарға да сұраныс артып келеді. Олардың  орташа жалақысы бүгінгі таңда 440 мың теңгені құрайды.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды